Халық қаражатына құрылған марш

Халық қаражатына құрылған марш

Кез келген елдің  мақсаты, арманы – бейбітшілік. Осы мақсатта Нұр-Сұлтан қаласынан бастау алған «Еуропа-Азия Бейбітшілік және келісім маршы» өтті. 

1 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласының Достық үйінде «Еуропа-Азия Бейбітшілік және келісім маршы» халықаралық жобасы аясында мәдени-бұқаралық іс-шара болды. Марш Ақпарат және қоғамдық даму, Мәдениет және спорт министрліктері, Бейбітшілік және келісім маршының атқарушы комитеті мен Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Ішкі саясат басқармасының қолдауымен ұйымдастырылды. Екі күнге созылған шара БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берумен қатар, дөңгелек үстел форматында жалғасты. 

–Біздің марш саясат пен діни ұрансыз өтеді. Марш мемлекеттік бюджетке салмақ салмайды. Өйткені халықтық марш халықтың өз ақшасына ғана өткізіледі. Халық өзі ұйымдастырып, өзі қар¬жылай қолдау білдіріп отыр. Бірақ ұйымдастыру ісі мемлекеттік ұйымның көмегімен іске асқанын баса айту керек. Кез келген қоғамдық істің жүзеге асуына мемлекеттің қолдауы маңызды. Марштың дайындық жұмыстарына қол ұшын берген Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігіне алғыс білдіремін. Соның арқасында елорда төріндегі Достық үйінде шеруімізді бастағалы отырмыз, –  деді Бейбітшілік және келісім маршының атқарушы директоры Руслан Абдуллин.

Маршқа дайындық 7 жылға созылды. Қатысушылар 34 күнде 16 қаланы, 4 мемлекетті араламақ. Атап айтқанда, Қазақстанның 10 қаласына, Ресейдің 5 қаласына аялдап, кейін Қырғыз Республикасы мен  Грузияға жол тартпақ.  Келесі бөлігі АҚШ аумағын қамтиды, үшіншісі Алматыда басталып, Джаганапурада аяқталады. Биыл Бейбітшілік және келісім маршы 16-рет өтуде. Шеруге 46 адам өтініш білдірді. Өз автокөлігімен жүретін  кез келген адам қатыса алады. 

– Бүкіл елдің халқы бір үйдің баласындай бірлікте өмір сүргенін қалаймын. Ұлт пен дінге бөлінбей, ынтымақта, ұйымшылдықта өмір сүруге шақырамын. Ұрпағымыз бейбіт елде тату-тәтті өмір сүру үшін шараға қатысуға бірден келістім. Өзіммен бірге екі баламды да алып келдім, – дейді бес баланың анасы, шеруге қатысушы Динара Әкімбекова. 

Руслан Абдуллин:

 – Біз әр қаланың, әр мемлекеттің билік өкілдерімен кездесу өткізіп, рұқсат алдық. Мақсатымыз – халықтар достастығын арттыру, отандық өнімдерімізді шетелдерде дәріптеу, патриоттықты дамыту. Бұған дейін 500-ге жуық марш қатысушыларын дайындадық. Әлі де арнайы сабақтар өткізуді жоспарлап отырмыз. Себебі ел азаматтары шетелге шыққанда камерадан жасқанбай, лидерлік позиция көрсете білуі керек. Дұрыс ақпарат таратуы маңызды, – деді.

Марш әр елде  концерттік бағдарламалар қойып, еліміздің туын көтеріп, отандық өнімдерді жарнамалайды. 

 

Балжан АЛЖАНОВА
07.07.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 127
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 126
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 642
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 760
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 674
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 685

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8821
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8219
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11446
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9201
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10430