НӘН-нің ескерткішін құлатқан батырды жауыздықпен арқасынан ыстық үтік басып, аяусыз ұрып-соққан зұлым полиция табылды. Бетін қара бетпердемен жапқан қатігез полициялар табылмай жатқандығын сылтауратқандар ақыры өздері шындықтың бетін ашты. Жап-жас қазақтың баласы. Қараңдаршы, оның көздерінде титтей де аяушылық сезімін көре алмайсың. Айдын Кенжебаев есімді зұлым полицейдің суретіне халық түкіріп жатыр. Қызметін жоғары пайдаланған, ойына не келсе соны істеген оны аяусыз түрде жазалануын қалың ел талап етеді. Әрине, ол жалғыз емес. Сыбайластарын да табу керек. «Біріңді бірін дос, көрмесең істің бәрі бос!» деген Абай бабамыздың сөзін ту етпеген адам ол қазақ емес. Ар-ұят дегеннен жұрдай Айдын сияқты зұлымдардың жазасы өте қатаң әрі жоғары дәрежеде және оны халық алдында жазалау қажет. Шаш ал десе, бас алатын, өзінің қандасына, бауырына өшіккіш қандыбалақ, жауыз қазақтар неге көп? Өткен ғасырдың 30-жылдарындағы шолақ белсенділердің жауыздығы жалғасып жатыр. Бұл сұмдық! Дұрыс тәрбие көрмегендер сол кездері өз халқын жасанды ашаршылық жасап қынадай қырды. Олар Алаш арыстарын да аяған жоқ. Беттері шімірікпей оларға жала жауып, сол кездерде де аяусыз ұрып-соғып, тырнақтарының астына ине тығып, небір зұлымдықтарды жасады. Саусақтары дірілдемей, олардың желкесінен атқандардың ұрпақтары міне бүгін тағы да бас көтерді. Өзгелерге ащы сабақ болсын, олар аяусыз жазалануы тиіс. Халық талабы осы!