Халық үніне құлақ асатын мемлекет

Халық үніне құлақ асатын мемлекет

Мемлекет басшысы 2019 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында Үкіметке үш жыл ішінде 30 мың көп балалы отбасын баспанамен қамтамасыз етуді тапсырған болатын. Бірақ, өкінішке орай, бұл тапсырма күні бүгінге дейін орындалмай келеді.

 

Мемлекеттік бағдарламалар бойынша тұрғын үйлерді бөліп беруде заңды бұзу фактілері тіркелген. Мәселен, кейбір шенеуніктер өздерінің қызметтік өкілеттіктерін пайдалана отырып, мемлекеттік бағдарламалар бойынша тұрғын үй алу үшін сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға алғышарттар жасайды. Осындай әрекеттердің салдарынан шынайы мұқтаж жандардың, оның ішінде көп балалы отбасылардың құқықтары бұзылуда.

 

Жақында менің қабылдауымда әлеуметтік тұрғын үйге кезекте тұрған, өз кезегінен заңсыз айырылған көп балалы аналар тобы болды. 

Олардың қатарында баспана кезегін күтіп, балалары есейіп кеткен отбасылар да бар. 

 

Біздің халқымыз қарапайым, өз проблемалары туралы көбінесе үндемейді, ал шын мәнінде қарапайым азаматтардың құқығы жиі бұзылады, көбісі баспана ғана емес, тіпті тиісті жер учаскелерін де ала алмайды.

 

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасы іс жүзінде азаматтар мен мемлекет арасындағы диалог, өзара іс-қимыл және ынтымақтастықтың  жаңа негізін қалайды. Азаматтардың өтініштеріне жедел әрі тиімді жауап беру – бұл тұжырымдаманың бір қыры ғана.

Осыған байланысты мен бүгін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Роман Склярдың атына бірқатар шұғыл шаралар қабылдау туралы ұсыныспен депутаттық сауал жолдадым.

Сондай-ақ, Үкіметке Президенттің тапсырмаларын дер кезінде орындауға шақырдым, өйткені Президент Конституцияның кепілі, қарапайым тілмен айтқанда, баспана мәселесі маңызды болып табылатын, үлкен қазақстандық отбасының басшысы.

Ильяс БУЛАРОВ ФБ парақшасынан
23.11.2022

Ұқсас жаңалықтар

Торқалы той қарсаңындағы марапаттар
Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі - 28.09.2023 67
ӘСКЕРГЕ БАРУ- АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗ
Шу ауданы әкімдігі - 28.09.2023 45
Пресс-релиз
- 28.09.2023 20
Ұлт рухының жаршысы еді...
Ерболат САУРЫҚОВ, филология ғылымдарының докторы, профессор. - 28.09.2023 68
ШЫМКЕНТТЕ 3 ЖЫЛДА 472 КӨШЕ ЖАРЫҚТАНДЫРЫЛДЫ
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі - 25.07.2023 843

Топ жаңалықтар

1
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 2574
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 2406
3
Оразай би ҚОЖАГЕЛДІҰЛЫ. Әшімжанның әкесі.
Show more
Жанарбек Әшімжан ФБ парақшасынан - 2023-06-01 2513
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 2493
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 2541