ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ НӘТИЖЕЛІ АЯҚТАЛДЫ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ НӘТИЖЕЛІ АЯҚТАЛДЫ

11-12 сәуір аралығында  Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Экономика және бизнес жоғары мектебінде ІІ Халықаралық Фараби Форумы аясында «Жаһандық өзгерістер жағдайындағы тұрақты экономикалық даму парадигмасы: сын-қатерлер, салдар, мүмкіндіктер» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті. Конференцияда көтерілген мәселелер өте өзектілігімен есте қалды. Және көпшіліктің көкейіндегі көп сауалға жауап берілді.

«Жаһандық өзгерістер жағдайындағы тұрақты экономикалық даму парадигмасы: сын-қатерлер, салдар, мүмкіндіктер» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция негізінде өткен «Заманның жаһандық сын-қатерлері және стратегиялық басымдықтар» тақырыбындағы секциясы да тартымдылығымен   студенттерді баурады.

Айта кету керек, секцияның басты мақсаты елдегі тұрақты дамуға қол жеткізудегі экономиканың әртүрлі аспектілерін талқылау, сондай-ақ соңғы жылдардағы жағымсыз салдарды азайтудың негізгі тетіктерін анықтау болатын. Ол мақсат орындалған секілді.

Себебі тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу және мәселені шешудің жаңа тәсілдерін әзірлеу өзектілігі баяндамаларға арқау етілді.  «Экономика» кафедрасының профессоры, э.ғ.д., Мухамедиев Б.М., Мирпур ғылым және технологиялар университетінің (Мирпур, Пәкістан) профессоры Аджмайр Мухаммадтың, ЭИ ЖБҒМ ҚР Аймақтық экономика және инновациялық даму бөлімінің меңгерушісі, жетекші ғылыми қызметкері PhD Сатпаева З.Т., э.ғ.д., «Экономика» кафедрасының профессоры Тулегенова М.С., э.ғ.к., профессор, Ташкент мемлекеттік экономикалық университеті жанындағы ХҚЕС және аудит бойынша біліктілікті арттырудың инновациялық ресурстық орталығының директоры Эргашева Ш.Т., э.ғ.к., «Экономика» кафедрасының доценті Байтанаева Б.А., әл-Фараби ат. ҚазҰУ PhD докторанты Сағынбай А.Ғ., «Экономика» кафедрасының оқытушысы Сырбек П.Н. баяндамаларында жан-жақты талқыланды. Сондай-ақ, «QBI Analytics» ЖШС бас директоры Қалибеков М.М. деректерге негізделген бизнесті басқару тәжірибесімен ой бөлісті.

Секция соңында негізгі нәтижелер мен қорытындыларды, инфляцияның теріс әсерін азайту мен аймақтардың әлеуметтік-экономикалық теңсіздігі және отандық экономиканы қалпына келтіру бойынша ұсыныстарды сипаттайтын резолюция ұсынылды, сонымен қатар, конференция материалдарының жинағын шығару жоспарланды.

Сондай-ақ 12 сәуірі күні «Жаһандық өзгерістер жағдайындағы тұрақты экономикалық даму парадигмасы: сын-қатерлер, салдар, мүмкіндіктер» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында «ЭКОНОМИСТЕР ҮШІН БАҒДАРЛАМАЛАУ ЖӘНЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ» тақырыбында ворк-шоп өз жұмысын өткізді.

Ворк-шоптың мақсаты елдегі тұрақты дамуға қол жеткізудегі семинардың бизнеске арналған бағдарламалау тілін талқылау және үйрету болды. Тренингті «TADS» ЖШС бас техникалық қызметкері, Денсаулық сақтау министрлігінің COVID-19 күресу жүйесін әзірлеуші, Еуропалық даму және қайта құру банкінің аккредиттелген кеңесшісі, магистратура «Экономика» мамандығының түлегі Тұрсын Абылай Оралұлы өткізді. Семинар барысында Тұрсын А.О. студенттерге бағдарламалау тілін білу қажеттілігі туралы айта келе,  кәсіпкерлікте жұмыс істеудің негізгі тәсілдерін көрсетті. Тренинг соңында студенттер Абылай Оралұлына өздерін қызықтырған сұрақтарды қойып, оған жауап алды.

Семинардың басты мұраты, жастарға негізгі бағыт-бағдарды ұсынып, бағдарламаларды жетік меңгеріп қана қоймай, тәжірибеде қолданып нәтижесін экономикалық тұрғыда талдау жасай білуге үйрету еді. Ол мақсат орындалғаны студенттердің қызығушылығынан көрініп тұрды.

 

                                                                                                                   Экономика кафедрасының меңгерушісі, э.ғ.к., профессор м.а. Даулиева Ғ.Р.

Экономика кафедрасының меңгерушісінің орынбасары

PhD докторы., аға оқытушы Кондыбаева С.К.

Экономика кафедрасының PhD докторы., доцент м.а. Калиева А. Е.

Экономика кафедрасының э.ғ.к., аға оқытушы Тураров Д.Р.

20.04.2023

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 22
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 29
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 16
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 29
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 10
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 52
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 153
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 156
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 340
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 333
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 957

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9033
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8429
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11657
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9412
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10638