Халықты жұмыспен қамту – басты мақсат

Халықты жұмыспен қамту – басты мақсат

Орал қаласы әкімінің орынбасары Мирболат Нұржанов БҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінің кезекті баспасөз мәжілісіне қатысып, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бағытындағы мемлекеттік шаралардың жүзеге асырылу барысын баяндады.

 Жұмысбасты қылатын жобалар

Қала әкімдігі өкілінің айтуынша, аталған мемлекеттік шаралар «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы» аясында жүзеге асырылуда. 

– Аталған жоба Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы қаулысымен бекітілген. Биыл қала бойынша «Халықты жұмыспен қамту орталығына» жұмысқа орналасу мәселесімен барлығы 10 779 адам жолықты. Оларға ұлттық жоба шеңберінде «Жастар практикасы», «Әлеуметтік жұмыс орындары», «Қоғамдық жұмыс», «Алғашқы жұмыс орны», «Күміс жас», «Бастау-Бизнес» жобалары, қысқа мерзімді оқу курстары мен мемлекеттік қайтарымсыз грант бойынша жұмыспен қамту шаралары ұсынылды, – деді Мирболат Сағынғалиұлы. Бұдан әрі аталмыш шараларға жеке-жеке тоқталған қала басшысының орынбасары нақты цифрлар мен мәліметтерді де жасырмады. 

«Жастар практикасы» бағдарламасы жұмыссыз жастарға, соның ішінде мамандығы бойынша 3 жыл ішінде жұмыс жасамаған 29 жасқа дейінгі азаматтар үшін тиімді. Жолдама алған бағдарлама қатысушысына 12 ай мерзім жұмыс жасауға мүмкіндік беріледі. Еңбекақы – 30 айлық есептік көрсеткіш. Өткен жылы осы бағдарлама шеңберінде жұмыссыз жастар алты ай мерзімге жұмысқа жолданып, оларға 25 айлық есептік көрсеткіш көлемінде еңбекақы төленген.

Жұмыссыздарға септігін тигізер тағы бір жоба – Әлеуметтік жұмыс орны. Бұл дегеніміз – халықты жұмыспен қамту орталығы еңбекақының 35 пайызын жұмыс берушіге кері субсидиялау арқылы құрылатын уақытша жұмыс орны. Аталған жұмыс орнына жұмыссыз ретінде есепте тұрған жерлестеріміз 12 айға дейінгі мерзімге жолданады. Бұл жобаны қала әкімінің орынбасары мына мысалмен түсіндірді. Айталық, жұмыс беруші өтінім берген кезде еңбекақы көлемін 150 000 тг деп көрсетсе, халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыс беруші міндетті зейнетақы жарнасын аударғаннан кейін келесі айдың 20-на дейін 52 500 теңгені кері жұмыс берушінің шотына аударады. Бірақ субсидия көлемі 20 айлық есептік көрсеткіштен (61 260 теңге) аспауы керек.

Арнайы мамандықты, біліктілікті талап етпейтін уақытша жұмыс орындарының бірі – қоғамдық жұмыстар. Оған жұмыссыздар, сондай-ақ студенттер мен мектептің жоғары сынып оқушылары сабақтан тыс уақытта қатыса алады. Бұл бағдарламаға қатысушыларға биыл 64 000 теңге жалақы төленген.

Ал «Алғашқы жұмыс орны» жобасы жұмыс тәжірибесі жоқ 29 жасқа толмаған жастарға, оның ішінде NEET санатындағы жастарға арналған. Яғни халықты жұмыспен қамту орталығы 18 ай ішінде 30 айлық есептік көрсеткіш (2022 жылы 91 890 тг) көлемінде еңбекақы төлейді. Кейін жұмыс беруші кем дегенде 12 айға тұрақты жұмысқа алып қалуға міндеттенеді. 2021 жылы «Алғашқы жұмыс орны» жобасы бойынша жұмыс мерзімі 12 ай болса, жобаға қатысушыларға 20 АЕК көлемінде еңбекақы төленіпті.  

«Күміс жас» жобасы шеңберіндегі жұмыс орындары зейнет жасына жақындаған, яғни зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған жұмыссыздар үшін құрылады. Жұмыс беруші ауыр жұмыстар мен біліктілігі төмен жұмыскерлердің тоғызыншы тобына жататын қызметтер (күзетші, еден жуушы, курьер, аула сыпырушы, т.б.) бойынша мамандықтарға  өтінім бере алмайды. Бұл жобаға қатысқан тұрғындарға алғашқы 12 айда еңбекақының 50 пайызын халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыс берушінің есеп шотына қайта аударады. Кейін жұмыс беруші зейнетке шыққанға дейін тұрақты жұмысқа алып қалуы тиіс.

 

Төрт мыңнан астам адамға қолдау көрсетілген

 Қала әкімінің орынбасары «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы» аясында уақытша жұмыс орындарына барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдар, соның ішінде салық және басқа да әлеуметтік аударымдарды ұдайы жүргізетін, жалақы бойынша мерзімі өткен берешегі жоқ және бір жылдан астам қызмет ететін жұмыс берушілер «Enbek.kz» порталы арқылы онлайн түрде өтінім бере алатынын айтты. Осы жылы қысқа мерзімді оқу курстары тек жұмыс берушінің сұранысы негізінде ұйымдастырылады. Осыған байланысты оқуға ниет білдірген жұмыссыз азаматтардың тізімі жұмыс берушіге жолданып, әңгімелесуден өткендері оқу курсын аяқтап, сертификат алғаннан кейін аталған мекемеге жұмысқа орналастырылады.

2022 жылдан бастап «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқу онлайн түрде жүзеге асырыла бастаған. Жеке кәсіпкерлер, өз-өзін жұмыспен қамтыған тұрғындар және жұмыссыз азаматтар кәсіпкерлік негіздеріне оқуға тіркелу үшін «Enbek.kz» порталы арқылы онлайн өтініш беруі керек. Кейін 14 күн ішінде оқу кустарын тыңдап, қорытынды тесттен өткеннен кейін сертификатқа ие болады. Сертификаттар  үш жылға жарамды. Үстіміздегі жылы Орал қаласы бойынша Ұлттық жоба шеңберінде 127 адамға 400 АЕК көлемінде (1 225 200 теңге) грант берілген. Атап айтқанда, 49-ы – көпбалалы отбасы, 11-і – мүмкіндігі шектеулі жас, 14-і – мүгедек баланы тәрбиелеуші, екеуі – атаулы әлеуметтік көмек алушы: асыраушысынан айырылған және 50-і – жастар санатынан. Олардың кәсіп ашпақ болған бизнес жоспарларының түрлері: автокөлік таңдау және авто химиялық тазалау қызметі, тазалау қызметтері, сұлулық студиясы, құс шаруашылығы, тігін цехы, кондитерлік өнімдер, наубайхана және тағы басқа.

Биыл «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы» бойынша мемлекеттік қолдау шаралары аясында 4 777 адамға қолдау көрсетілген. Соның ішінде 399-ы – жастар практикасына; 454-і – қоғамдық жұмыстарға; 2582-сі – тұрақты жұмысқа жолданған. Ал 127 адамға жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар берілсе, 1093 жерлесіміз «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша оқуға жолданған. Сонымен қатар әлеуметтік жұмыс орындары, «Алғашқы жұмыс орны», «Күміс жас» жобалары, қысқа мерзімді оқу курстары бойынша жолдамалар берілген. 

 

Ләззат ҚАЖЫМОВА, БҚО, Орал қаласы
08.12.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 39
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 106
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 32
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 40
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 47
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 40
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 102
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 106
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 299
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 293
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 915

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8989
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8384
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11609
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9367
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10593