XIV ғ. Сейф Сараидің «Гүлістан бит-турки» және «Хұсрау уа Шырын» жазба ескерткіштері тілін лексикографиялаудың ұстанымдарын айқындау

XIV ғ. Сейф Сараидің «Гүлістан бит-турки» және «Хұсрау уа Шырын» жазба ескерткіштері тілін лексикографиялаудың ұстанымдарын айқындау

Сөздік жасау ісі адамзат ойының  ертеден келе жатқан ірі жетістіктерінің бірі. Ол мол қажыр-қайратты, терең ақыл-ойды, шығармашылық қабілетті қажет етеді. Сөздік – бөлшектерден тұратын, бөлікке бөліп қабылдауды талап ететін жүйелі, күрделі құрылымды шығарма. 

Кез келген сөздіктің сөздік мақаласында екі белгі кездеседі: а) түсіндірілетін нысан (А) және б) түсіндіруші құрал (В). Сөздіктің негізгі түрлері бұл белгілердің тілдік бірліктер болып саналуына, яғни сөздің белгілі бір аспектіде қарастырылуы немесе ұғым мен түсінікке қатыстылығына байланысты бөлінеді. Егерде екі элемент түсіндірілуші (А) мен түсіндіруші (В) ұғым мен түсініктерге қатысты болып келсе, оның энциклопедиялық сөздік болғаны. Ал түсіндірілуші (А) мен түсіндіруші (В) сөз болып және ол әртүрлі аспектіде қаралса: түсіндірілуші (А) – сөздің сыртқы материалдық, дыбыстық жағы болып, жазу құралдары арқылы бейнеленіп (таңбалаушы), ал түсіндіруші (В) – сөздің ішкі семантикалық жағы, оның мағынасы (таңбаланушы) болса, біздің алдымызда түсіндірме сөздік жатқаны [1, 17-20 б.]. Сонымен түсіндірме сөздіктің энциклопедиялық сөздіктен негізгі айырмашылығы, түсіндірме сөздікте екі белгі де тіл бірліктері, ал энциклопедиялық сөздіктің екі компоненті де ұғым мен түсінікке қарай топтасады. Атап өтер жайт, түсіндірме сөздікте түсіндіруші (В) ұғым мен түсініктер әлемін емес, тілдік бірлік сөздің ішкі семантикалық жағын көрсетеді. Энциклопедиялық сөздікте түсіндіруші (В) басқаша сипатта көрінеді, яғни ұғымдар мен түсініктердің мәнін ашу тілдік материалдарға қатыссыз-ақ беріледі, себебі түсіндірілуші (А) сөз емес, ұғым, түсінік. Энциклопедиялық сөздік сөздерді жинақтап, түсіндіретін сөздік емес, ұғымдарды сөздердің көмегімен түсіндіріп және жинақтайтын сөздік екендігі белгілі. Бұлай жіктеу теориялық жақтан анық болғанымен, тәжірибеде тұрақсыздығы байқалады. Сөзді түсіндіру, яғни сөздің ішкі мағыналық жағын ашып, түсіндіруде кей жағдайда ұғымдармен белгілі бір дәрежеде шектеседі. Сондықтан таза энциклопедиялық сөздік түрі бар болғанымен, таза түсіндірме сөздіктің түрі бар деп айтуға келмес. Сол себепті түсіндірме сөздікте белгілі бір мөлшерде энциклопедиялық сөздіктің белгілері байқалады. 

Түрколог Э.Н.Наджип ескерткіштер тілін салыстыра зерттеудің қажеттілігін: «Жазба ескерткіштерді жан-жақты, әдеби тілдердің қалыптасу тарихын зерттеу олардың ұқсастығы мен айырмашылықтарын толықтай қалпына келтіруге жәрдемдеседі. Сонымен қатар мұндай зерттеулер тарихи және ғылыми грамматикаларды, түркі тілдерінің тарихи және түсіндірме сөздіктерін жасауда, тарихи лексикологияның міндеттерін анықтауды т.б. мәселелерді шешуді жеңілдетер еді» [2, 18 б.] деп нақтылайды. 

Сөздікте қаралатын бірліктің тарихын көрсету жағынан сөздіктерді М.М.Малбақов диахрониялықжәне синхрониялық деп бөледі. Диахрондық (тарихи) сөздіктерде сөздің тарихы бейнеленеді. Лексикалық бірліктің орналасу сипаты жағынан сөздіктер тұрпат тұрғысынан реттелетін жәнемазмұн тұрғысынан реттелетін сөздік түрлеріне бөлінеді. Тұрпат тұрғысынан реттелетін сөздіктерде лексикалық бірліктерді орналастыру ұстанымы ретінде бірліктің сыртқы тұрпаты алынады. Ғалымның ойынша, тарихи сөздікті тұрпат тұрғысынан да, мазмұн тұрғысынан да реттелетін сөздікке жатқызуға болады [3, 330 б.].   

Алтынорда дәуірі қолжазбаларының транскрипциясын зерттеуші ғалымдар ф.ғ.к. А.Сейтбекова мен Г.Мамырбектің көрсетуінше, араб жазулы ортағасыр мәтіндерін транскрипциялауда ортағасырлық дәстүрлі принциптерфонетикалықморфологиялық және сингармониялық принцип басшылыққа алынуы қажет [4.]

Зерттеуші XIV ғ. Сейф Сараидің «Гүлістан бит-турки» және «Хұсрау уа Шырын» жазба ескерткіштері тілін лексикографиялау үшін:

– картотека қорын дайындау;
– қажетті дереккөздерді анықтау және оларды зерттеу;
– сол дәуірдің лексикалық материалдарын таңдау және сұрыптаудың жалпы ұстанымдарын анықтау сияқты басты мәселелерді шешу қажет.

Сөздік жасау ісінде лексикографқа мынадай арнайы міндеттемелерді шешуге тура келеді.

– Сөз таңдау. Лексикографтың алдында тұрған бірінші міндет – сөздікке кіретін сөздерді таңдау. 
– Сөздерді түсіндіру сөздік мақаланың сипатын ашатын негізгі бөлік. 
– Сөздік мақала. Сөздік мақалада атау сөз бен оның дефинициясы, дәйек сөзі мен дереккөзі көрініс табады.

 

Мақала AP14869737 «Алтын орда дәуірі жазба ескерткіштері тілін лексикографиялаудың теориясы мен практикасы» гранттық жоба аясында әзірленді.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

Словарь древнерусского языка XIXIV вв. Введение, инструкция. Под ред. Р.И.Аванесова. – Москва: Наука, 1966. – 302 с.
Наджип Э.Н. Тюркоязычный памятник XIVвека. «Гулистан» Сейфа Сараи и его язык: Ч.І. АлмаАта: Наука, 1975.  217 с.
Малбақов М.М. Бір тілді түсіндірме сөздіктіңқұрылымдық негіздері Алматы: Ғылым, 2002. 367 б.
Сейтбекова А., Мамырбек Г. «Гүлістан бит-түрки» мен «Хұсрау уа Шырын» мәтінінтранскрипциялау шарттары // https://tilalemi.kz/article/3154.html
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының аға ғылыми қызметкері, ф.ғ.к. Гүлжиһан Көбденова
16.11.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 42
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 127
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 36
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 42
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 51
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 42
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 124
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 127
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 319
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 312
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 935

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9008
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8403
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11629
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9386
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10613