Хоккейшілеріміздің сәтсіздіктері

Хоккейшілеріміздің  сәтсіздіктері

Қазақстан құрамасы хоккейден әлем чемпионатындағы алтыншы ойында АҚШ командасымен кездесті. Олег Болякин айдынға мына құрамды шығарды: Кудрявцев (Павленко); Бреус-Орехов, Михайлис-Старченко-Шестаков; Метальников-Королёв, Өмірбеков-Мұхаметов-Колесников; Гайтамиров-Бекетаев, Панюков-Лихотников-Савицкий; Михайлов-Данияр, Қайыржан-Волков-Муратов. Бірінші кезеңде есеп ашылған жоқ. 

 

Есесіне екінші кезеңде американдықтар ойын тізгінін толықтай қолға алып, шабуылды үдетті: 27-минутта Фрэнк Назар есеп ашса, 32-минутта Джексон Лакомб есепті еселеді. Сонан соң Тейдж Томпсон (35-минут), Мэттью Бенирс (35-минут) пен Майкл Кессельринг (40-мин) мергендігімен көзге түсті.

Соңғы бөлікте АҚШ құрамасы қақпамызға алтыншы голды тоғытты. Бұл жолы 46-минутта Зак Веренски дәлдік танытты. Ал кездесудің соңғы нүктесін 60-минутта Владимир Волков қойып, құраманы құрғақ жеңілістен сақтап қалды. Қорытынды есеп – 6:1, АҚШ пайдасына. Осылайша, Қазақстан құрамасы турнирде қатарынан бесінші рет жеңіліп, үш ұпаймен B тобындағы турнирлік кестеде жетінші орынға жайғасты. Болякин шәкірттері кеше Швейцария құрамасымен кездесті.

Шаргүл ҚАСЫМХАНҚЫЗЫ
22.05.2025

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 320
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 466
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 313
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 165

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18231
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18091
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33279
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31829
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35535