Юнеско ұйымы мектепте смартфон қолдануға тыйым салуға шақырды

Юнеско ұйымы мектепте смартфон қолдануға тыйым салуға шақырды

Мамандардың айтуынша, оқушылар назары гаджеттерге ауып, оқу үлгерімі төмендеп кеткен. Сондай-ақ ұялы телефонға телмірген балалардың көру қабілеті де көңіл көншітпейді.

ЮНЕСКО-ның зерттеулері бойынша мектептерде технологиялық құрылғылар, әсіресе смартфондар мен компьютерлерді оқушылар тым көп қолданады. Сарапшылар тек қажетіне қарай пайдаланып, бұл істі тәжірибелі ұстаздар басқаруы тиіс дейді.

Одри Азуле, «ЮНЕСКО» ұйымының бас директоры:

- Білім беру саласында технологияларды қолдануда мұқият болу керек. Ол оқу сапасын көтеруге бағытталуы қажет және оқушылар мен мұғалімдерге зиян келтірмеуі тиіс. 

Баяндама авторлары белгілі дағдылар игеру және нақты ғылыми салаларда білімін жетілдіруге жаңа технологиялар пайдалы болатынын мойындап отыр. Бірақ балаларға кері әсері тимес үшін мектеп мұғалімдері осы саланы қадағалауы керек. Әлемнің әрбір төртінші елінде мектептерде смартфондарға тыйым салынған. Бұл тізімде осындай шектеуді 2018 жылы енгізген Франция бар. Италияда мұғалімдер таңертең оқушылардың смартфондарын жинап алып, оқуы біткенде қайтарады. 2024 жылы олардың қатарына Финляндия мен Нидерланд қосылады. 

Манос Антонинис, баяндама авторы:

- Білім беру мен оқу процестерінде жаңа технологиялардың болғаны дұрыс. Бірақ ол адамдардың жұмысына, денсаулығына зиянын келтірмеуі тиіс.  

Соңғы 20 жылда көптеген мектептерде қағаздың орнына экрандарды қолдана бастады. Оқушылар кітап оқымай, интернеттен ақпарат алатын болды. Ал пандемия бұл үрдісті тездетіп жіберді. Миллиондаған бала онлайн оқуға көшті. Технологияға құмарлық білім беру саласына қымбатқа түсіп отыр. Осы қаражатты ұстаздардың жалақысын көтеруге және тұрмысы нашар оқушыларға кітап сатып алуға жұмсалғаны жөн, - дейді ұйым өкілдері. 

«Хабар 24».
29.07.2023

Ұқсас жаңалықтар

БАР  ЖАМАНДЫҚ ЕСКІ  ЖЫЛМЕН КЕТСІН!
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 09.01.2025 19
ТӨРТІНШІ БЕЛЕС  БИІГІНДЕ
Бақыт САРБАЛАҰЛЫ, жазушы, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері - 21.12.2024 1404
Жамбыл ауданы:  Жерге – тыныс, елге – ырыс
Дариха ҮМБЕТИЯРОВА, журналист Жамбыл облысы Жамбыл ауданы - 20.12.2024 1816
«Ауыл аманаты – ел аманаты»
Марат ҚҰЛИБАЕВ, Тараз қаласы - 20.12.2024 1824
Талас ауданы:  Ілкімді жобаның  игілігін көргендер
Нұрболат АМАНБЕК, Жамбыл облысы Талас ауданы - 20.12.2024 1817

Топ жаңалықтар

1
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 12647
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 11551
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 14789
4
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 13735
5
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 18756