Жамбыл облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

Жамбыл облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша, Жамбыл облысы әкімінің өкіміне сәйкес, Тамабек Әбілхайыр Ғалымұлы Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

Әбілхайыр Ғалымұлы 1994 жылы Жамбыл облысы Талас ауданында туған.

2015 жылы Халықаралық Бизнес Университетін «бағалау», Польша Республикасы Луис ұлттық университеті Жоғары бизнес мектебін «менеджмент», 2019 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын «мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандықтары бойынша тәмамдаған.

Әбілхайыр Тамабек еңбек жолын 2011 жылы жеке секторда бастаған.

2015 - 2017 жылдары Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің қызмет көрсету және энергетика статистикасы басқармасының сарапшысы, 2017-2018 жылдары Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің персоналды басқару және құжатайналым қызметінің сарапшысы, 2018-2019 жылдары Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің персоналды басқару және құжатайналым қызметінің басшысы, 2019-2020 жылдары Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі адами ресурстарды басқару департаментінің кадр жұмысы басқармасының бас сарапшысы, 2020-2022 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің жерлерді пайдалану және қорғалуын бақылау басқармасының басшысы – бас мемлекеттік инспекторы, 2022 жылы Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитеті Жамбыл облысының жер ресурстарын басқару департаментінің басшысы – жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы қызметтерін атқарған.

2022 жылғы сәуірден бастап Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі лауазымында қызмет етіп келді.

Жамбыл облысы әкімдігі
09.02.2024

Ұқсас жаңалықтар

ҚОС ҚАНАТ   (Эссе-элегия)
Бауырдан Омарұлы - 21.02.2024 33
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ – ҰЛТ ҚҰНДЫЛЫҒЫ
Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі - 21.02.2024 23
ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТОРҒА АУДАНЫМЫЗДЫҢ ӘЛЕУЕТІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
Бақытжан Жәнібеков , Шу ауданының әкімі - 21.02.2024 21
АРДАГЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСУ
Жамбыл облысы әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы - 21.02.2024 19
Зиялы қауым өкілдері жастармен кездесті
Тараз қаласының әкімдігі - 20.02.2024 53
Көрерменнің ерекше қошеметі
Жамбыл облысы әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы - 20.02.2024 40
Баянды бастамалар жылы – Берік Уәлимен сұхбат
Автор Гүлнұр Ғазизқызы, «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі - 28.12.2023 957
ШЫМКЕНТТЕ 3 ЖЫЛДА 472 КӨШЕ ЖАРЫҚТАНДЫРЫЛДЫ
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі - 25.07.2023 2837

Топ жаңалықтар

1
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 6279
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 5610
3
Оразай би ҚОЖАГЕЛДІҰЛЫ. Әшімжанның әкесі.
Show more
Жанарбек Әшімжан ФБ парақшасынан - 2023-06-01 5843
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 5692
5
Өміріңді сақтандыр, өкінбейсің!
Show more
Тілеуберді САХАБА, Павлодар облысы - 2023-05-31 5586