Жамбыл облысында 13 жайлы мектеп салынады

Жамбыл облысында 13 жайлы мектеп салынады

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен кеңесте «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру қаралды.

«Samruk-Kazyna Construction» АҚ Басқарма төрағасы Мәулен Айманбетов және мердігер ұйымдардың өкілдері қатысты.       Жамбыл облысында 2023-2025 жылдары «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында  жалпы 9500 оқушыға арналған 13 мектеп салу жоспарланған (Таразда – 4, Байзақ ауданында – 2, Жамбылда – 1, Қордайда – 3, Меркіде – 1, Шуда - 2).  Ағымдағы жылы құрылысы басталатын 8 мектеп 2024 жылы, 5 мектеп 2025 жылы (2024 жылы басталады) пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Нақтырақ айтсақ, биыл Тараз қаласында 4 мектеп, Байзақ ауданында 2 мектеп, Қордай ауданында 2 мектептің құрылысы басталады.    Жайлы мектептер бірыңғай стандартқа сай салынатын болады. «Samruk-Kazyna Construction» АҚ бірыңғай операторы 300, 600, 900, 1200, 1500, 2000 және 2500 орындық мектептердің үлгілік жобаларын әзірлеуде.  Жиын барысында жер бөлу және инженерлік коммуникацияларды жүргізу, мектептерді интернетпен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.  Облыс әкімі Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес жаңа форматтағы мектептер қажетті оқу жабдықтарымен, түрлі пәндік кабинеттермен, бейнебақылау жүйелерімен толық қамтылатынын атап өтті.  Мәулен Айманбетов техникалық және авторлық қадағалау қызметінің тиімді жұмысының маңыздылығына  назар аудартты.  - Ұлттық жоба мектептердегі орын тапшылығын жоюға, апатты және үш ауысымды мектептердің мәселесін шешуге  бағытталған. Біздің мақсатымыз – балалардың жайлы жағдайда сапалы білім алуын қамтамасыз ету, - деді Нұржан Нұржігітов.

Жамбыл облысы әкімдігі
16.02.2023

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 102
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 114
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 205
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 205
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 343
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 344
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 574
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 518

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9222
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8618
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11844
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9614
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10827