Жамбыл облысында 2,5 метрлік бомба табылды

Жамбыл облысында 2,5 метрлік бомба табылды

Жамбыл облысы Полиция департаментінің әлеуметтік желілердегі ресми парақшасына Байзақ ауданы Түймекент ауылының тұрғынынан құмды аумақтан табылған күдікті зат туралы хабарлама келіп түсті.

Баспасөз қызметінің қызметкерлері хабарламаға дереу жауап беріп, Байзақ ауданы полиция бөліміндегі  әріптестеріне тапсырды.

Полиция оқиға орнынан авиациялық снарядқа ұқсас затты тауып, Полиция департаментінің саперлерін, өрт сөндірушілер мен құтқарушыларды шақырды.

Келген саперлер снарядтың  1962 жылы шығарылғанын, салмағы  500 келі болатын 2,5 метрлік «ФАБ 500м-62» авиациялық бомба екенін, оның кез-келген минутта 200 метрге дейін жарылу қауіпі бар екендігін хабарлады.

Бомбаны залалсыздандыру үшін арнайы әскери техникаға тиеп, полигонға алып кетті.

Полиция департаментініне  қауіпті әскери құрал туралы хабарлаған ер адам  марапаттауға ұсынылды.

ЖО ПД баспасөз қызметі
22.02.2022

Ұқсас жаңалықтар

АГРАРЛЫҚ ӨҢІРДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ, Жамбыл облысы - 03.10.2025 188
БИЛІКТЕГІ АУЫС-ТҮЙІС ХАЛЫҚҚА НЕ БЕРЕДІ?
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 02.10.2025 202
БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 469
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 273

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18381
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18241
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33429
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31980
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35746