Жамбыл облысында медициналық мекемелерге 40 жедел жәрдем көлігі берілді

Жамбыл облысында медициналық мекемелерге 40 жедел жәрдем көлігі берілді

Жамбыл облысындағы алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарына 40 санитарлық жедел жәрдем көлігі табысталды. Ағымдағы жыл соңына дейін тағы 30 бірлік қызметтік көлік беріліп, тозу деңгейі 47 пайыздан - 18 пайызға дейін төмендейді деп күтілуде.

Салтанатты шарада осылай деген аймақ басшысы, саланы дамытуға бағытталған мұндай қолдаулар ауыл халқының тұрмысын жақсартуға, ана мен бала өліміне араша түсуге септігін тигізуі тиіс екендігін атап өтті.

Сондай-ақ, облыс әкімі тұрғындарға сапалы қызмет көрсету – басты талап екенін еске салды.

- Ұлт денсаулығы – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев саясатының басты бағыттарының бірі. Осы орайда, елімізде азаматтардың денсаулығын жақсартуға, әл-ауқатын арттыруға ерекше ден қойылуда. Бүгінде медициналық қызметтің қолжетімді әрі сапалы болуын қамтамасыз етуге жан-жақты жағдай жасалып келеді. Ғимараттар жаңартылып, материалдық-техникалық база нығайтылуда,-деді Ербол Қарашөкеев.

Бұл күні санитарлық жедел жәрдем көліктері Байзақ ауданына (4), Жамбыл (3), Жуалы (2), Талас (3), Т.Рысқұлов (2), Меркі (5), Мойынқұм (3), Сарысу (3), Қордай (5), сондай-ақ, Шу аудандық орталық ауруханасы (3), Шу қалалық ауруханасы мен емханасына, Тараздағы №5, 7 қалалық емханаларға және облыстық, қалалық перинаталдық орталығы мен облыстық патологиялық анатомия бюросына табысталды.

Айта кетейік, өткен жылы өңірде 19 медициналық нысан пайдалануға беріліп, 11 нысанға күрделі жөндеуден өтсе, биыл 24 медициналық нысанның құрылысы жүзеге асады.

Жамбыл облысы әкімдігі
10.02.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 44
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 145
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 40
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 47
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 57
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 45
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 140
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 145
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 332
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 325
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 948

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9023
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8419
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11646
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9403
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10629