Жамбыл облысының әкімі Е. Қарашөкеев жаңа автобустардың кілттерін тапсырды

Жамбыл облысының әкімі Е. Қарашөкеев жаңа автобустардың кілттерін тапсырды

Тараздың қоғамдық көліктері 35 жаңа автобуспен толықты.

Жаңа автобустар жеті бағыт (№60, 38, 55, 17, 23, 30 және 19) бойынша қатынайтын болады. Әр автобустың сыйымдылығы – 70 адамды құрайды.

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев бұған дейін Тараз қаласын аралап, жергілікті тұрғындардың өтініштерін тыңдау барысында жауаптыларға қоғамдық көліктің жетіспеушілігі мәселесін шешуді және тұрғындар үшін қолайлы, қауіпсіз жағдай жасауды тапсырған болатын.

Аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес, 35 көлік сатып алынды. Жамбыл облысының әкімі Е. Қарашөкеев бүгін автопарк жүргізушілеріне жаңа автобустардың кілттерін салтанатты түрде табыстады.

Олар қазірдің өзінде қала тұрғындарына тест режимінде қызмет көресете бастаған. Атап айтқанда, 5 автобус №60 бағытта, 10 автобус №38 бағытта, 5 автобус №55 бағытта және 2 автобус №23 бағыттағы қоғамдық көліктердің қатарын толықтырып отыр. Сондай-ақ, 8 бірлік автобус №17 бағытта іске қосылса, 5 автобус №30 және №19 бағыттағы ескірген автобустарды алмастырды.

Ағымдағы жыл басында қалада 38 автобус пайдалануға берілгенін ескерсек, бүгінгі 35 жаңа автобусты қоса есептегенде биыл Тараздың автобус паркі 73 көлікке жаңарып отыр.

Үш жылдық жоспарға сәйкес, Тараз қаласында 120 автобус аялдамасын орнату көзделсе, оның 42-сі биыл салынған. Аталған жоспар аясында 200 автобус сатып алынып, қосымша 15 жаңа бағыт ашу жоспарланған десек, №10, 20, 56, 17 секілді төрт жаңа бағыт қазірдің өзінде іске қосылған.

Бүгінде қала тұрғындарына 37 бағыт бойынша 350 автобус қызмет көрсетуде. Оның ішінде 122 автобустың пайдалануға берілгеніне әлі 3 жылдан аспаса, 129 автобус шамамен 5 жыл, 99 автобус 5-7 жылдан бері қызмет көрсетіп келеді.

Жамбыл облысы әкімдігі
22.12.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЖЕМҚОРларМЕН КҮРЕС – ОТАНҒА ҮЛЕС
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.05.2025 123
ЖАС САРБАЗДАР САҚАДАЙ САЙ
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.05.2025 119
РУАНДА – ЕЛІМІЗДІҢ АФРИКАДАҒЫ ДОСЫ
Нағашыбай Қабылбек - 28.05.2025 77
ШЫҒЫСТАҒЫ  ШЫРАЙЛЫ ЖҮЗДЕСУЛЕР
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының бас редакторы - 28.05.2025 119
РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚ – ҰЛТ ҚУАТЫ
Ш.МЕКЕНБАЙ, Түркістан облысы - 28.05.2025 112
ЖЕМҚОРларМЕН КҮРЕС – ОТАНҒА ҮЛЕС
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.05.2025 123
ЖАС САРБАЗДАР САҚАДАЙ САЙ
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.05.2025 119
ШЫҒЫСТАҒЫ  ШЫРАЙЛЫ ЖҮЗДЕСУЛЕР
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының бас редакторы - 28.05.2025 119
Ел болашағы –   өз қолымызда
Іңкәр БИТИМОВА - 23.05.2025 300
Бөлінген қаржы қаңғыбас иттен құтқара ма?
Қарлығаш ШАҢҒАРАҚШЫ - 23.05.2025 329
Жәнияның   алтын медалі
Шаргүл ҚАСЫМХАНҚЫЗЫ - 22.05.2025 300

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 13203
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 13183
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 28300
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 26986
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 30479