Жамбылдағы денсаулық сақтау нысандарының медициналық техникамен жабдықталуы биыл 96,6%-ға жетеді

Жамбылдағы денсаулық сақтау нысандарының медициналық техникамен жабдықталуы биыл 96,6%-ға жетеді

Ағымдағы жылдың соңына дейін Жамбыл облысында 10 мектеп, 13 денсаулық сақтау, 4 мәдениет, 8 спорт  нысандары пайдалануға беріледі. Бұл туралы аймақ басшысы Ербол Қарашөкеев Астанада өткен брифинг барысында атап өтті.

Облыста жалпы 11,5 мың оқушыға арналған 28 мектептің құрылысы жүруде, оның 7 - і «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында бой көтеруде. Биыл жыл басынан бері Жамбыл, Т.Рысқұлов және Шу аудандарында 3 мектеп пайдалануға берілсе, тағы 10 мектеп жыл соңына дейін тапсырылады деп күтілуде.

14 нысан күрделі жөндеуден өтсе, қалған 3 нысан бойынша жұмыстар жыл соңына дейін аяқталмақ.

Өңірдегі мектептердегі жаратылыстану-математикалық бағыттағы кабинеттер 75 пайызға жаңартылды. Балалар мен жасөспірімдердің демалысын ұйымдастыру, сауықтыру, сондай-ақ, оларды әлеуметтендіру бағытында «Мөлдір бұлақ» оқу-сауықтыру орталығы ашылып, өз жұмысын бастады.

Құрылысы биылға жоспарланған 24 денсаулық сақтау нысанының бұған дейін алтауы тапсырылса, жыл соңынан дейін тағы 13 нысан пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Олардың қатарындағы ірі нысандардың бірі - Тараз қаласындағы облыстық онкологиялық диспансер (200 төсек-орын), Шу ауданындағы балаларға арналған оңалту орталығы.

Сонымен қатар, 3 ауданаралық көпсалалы орталық аурухананы қайта құру және 3 аудандық орталық аурухана салу жоспарлануда.

3,9 млрд. теңгеге ауруханалар мен емханаларға медициналық жабдықтар мен жедел жәрдем көліктері сатып алынып, мекемелердің медициналық техникалармен қамтылу дейгейін 91,9%-дан 96%-ға дейін жеткізу жоспарлануда.

Маңызды оқиғалардың бірі ретінде мүгедектігі бар адамдарға арналған әлеуметтік оңалту орталығының ашылуын, Аутизмі бар балаларды қолдау және Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарының пайдалануға берілуін атап өтуге болады.

23 спорт нысанының құрылысы жоспарланған десек, оның алтауы ел игілігіне беріліп, тағы сегізі жыл соңына дейін тапсырылмақ. Сондай-ақ, 38 заманауи спорт алаңдары іске қосылды.

Облыс спортшылары түрлі республикалық және халықаралық жарыстарда 1305 медаль жеңіп алса, оның 496 – сы алтын, 397-сі күміс, 412-сі қола.

Облыс тұрғындарының мәдениет нысандарымен қамтылу деңгейі жыл соңына дейін 80,6%-дан 84,8%-ға дейін жететін болады.

16 мәдениет нысанының құрылысы көзделіп, оның алтауы тапсырылды, тағы төртеуі осы жылдың соңына дейін аяқталады.

Жамбыл облысы
05.12.2023

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 42
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 88
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 36
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 91
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 29
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 59
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 200
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 204
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 418
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 381
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 1000

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9074
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8472
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11698
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9461
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10678