Заң солқылдақ болса, шектеуден не пайда?

Заң солқылдақ болса, шектеуден не пайда?

Кейінгі жылдары Үкімет көптеген тауар түрлерін экспортқа шығаруға қаптаған шектеу енгізіп, тіпті тыйым салып қойды. Бірақ бұл шектеу-тыйымдар сақталмай, бұзылып келді. Енді ол үшін жаза күшейтілмек. Қазіргі уақытта әртүрлі меморгандар, министрліктер өз бұйрықтарымен мұнай өнімдерін, ағаштар мен орман материалдарын, сұйытылған газды, ауылшаруашылығы жануарларын республика аумағынан тыс шығаруға тыйым салды. Метал сынықтарын, қара және түсті метал қалдықтарын шетелге әкетуге қойылған ұзақ жылғы тыйымды таяуда тағы 6 айға ұзарту жоспарланып отыр. Сондай-ақ ел Үкіметі 1 маусымға дейін бидай экспортын 1 миллион тоннаға дейін шектеу жөнінде шешім қабылдады. Қазақстанның басты одақтасы Ресейге қарсы Батыстың және оның серіктестерінің санкциялары күшейген сайын шектеулер саны да көбейе беретінге ұқсайды. Әйтпесе, тауардан, тамақтан тарыққан көрші ішкі нарығымыздан өнім атаулыны тегіс қотарып алып кетуі ғажап емес. Тарихшылар ХХ жылдардағы ашаршылық та солай басталғанын айтып жүр. Бір айырмашылығы, ол заманда Кеңес одағы қазақ елінен азық-түлік атаулыны сатып емес, тартып алғаны мәлім. Дегенмен өткен жылы қазақстандық сәбіз, картоп және басқа көкөністерді көршілерге арзанға өткізіп жіберіп, кейін тапшылық туындағанда оларды елге қиядан қымбатқа тасуға тура келгені есте. Бірақ енді тыйым-шектеуді айналып өтуге тырысушылар саны да ұлғаюы мүмкін. Себебі тосқауылдың тегеурінді болуын қамтамасыз етуге тиіс заңнаманың өзі солқылдақ болып шықты. 

Заңға сәйкес, «шекара арқылы өткізу кезінде тауарлардың жекелеген түрлеріне қатысты тыйым салулар мен шектеулердің сақталуын бақылауға» Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті жауапты. Осы функциялар аясында мемкірістер органдары ЕАЭО елдерімен шекарада 2019 жылы қолданыстағы тыйымдар мен шектеулерді бұзудың 1 648 фактісінің, 2020 жылы – 842 фактінің, 2021 жылдың 7 айында – 141 фактінің жолын кесіпті. Басқаша айтқанда, ол жүктерді шекарадан өткізбей, кері қайтарған. Тіпті заңды талаптарды белден басып, затты заңсыз әкетпек болғандардың өнімін де тәркілемепті. «Өйткені Әкімшілік құқық бұзушылықтар кодексінде тауарларды Қазақстанның ЕАЭО елдерімен шекарасы арқылы өткізу кезінде тыйым салулар мен шектеулерді сақтамағаны үшін ешқандай жауапкершілік көзделмеген. Осыған байланысты, Әкімшілік кодексіне тыйымдар мен шектеулерді сақтау жөніндегі заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілікті көздейтін жаңа 193-1-бапты енгізу ұсынылады. Осы түзетуге сәйкес, бұл бұзушылықтар үшін әкімшілік жауапкершілік жүк жөнелтушіге жүктеледі», – деп хабарлады Әділет министрлігі. Билік пен бизнес қандай ымыраға келді? Жалпы ел тарихында алғаш рет енгізілгелі отырған бұл жаза сонша ауыр емес. Ол да өнімді мемлекеттің алып қоюын қарастырмайды. Тек айыппұл салынады.  Алайда аталған шешімнің өзі талқылау барысында бизнес тарапынан қызу қарсылық тудырды.

Дау «Атамекен» палатасына дейін жетті. Ұлттық палата тараптардың басын қосып, ымыра-компромиске келтірген. «Жаңа бапты талқыға салу мақсатында «Атамекен» ҰКП-мен бірге бірқатар кеңестер өткізілді. Олардың қорытындысында, ұлттық палатаның сын-ескертпелерін ескере отырып, баптарға бірқатар өзгерістер енгізілді. Яғни «Атамекеннің» сұрауымен, енді аталған бұзушылықты алғаш рет жасаса, оған тек ескерту қолданылады. Тек қайталап жасаса ғана айыппұл салынады. Сонымен бірге айыппұлдар мөлшері де айтарлықтай азайтылды», – деп түсіндірді әділет ведомствосы. Тыйым салынған немесе шектеу енгізілген тауарлардың жекелеген түрлерін Қазақстанның мемлекеттік шекарасы арқылы шетелге өткізсе, өткізуге талаптанса, жүк жөнелтуші кәсіпкерге бірінші жолы ескерту жасалады. 

 

Егер ескерту түрінде әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін 1 жыл ішінде қайталап жасаса, жеке тұлғаларға – 15 АЕК (2022 жылғы көлемі 45 945 теңге), шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 20 АЕК (61 260 теңге), орта кәсіпкерлікке – 30 АЕК (91 890 теңге), ірі кәсіпкерлік нысандарына – 50 айлық есептік көрсеткіш (153 150 теңге) мөлшерінде айыппұл салынады деп күтілуде. 

 

Негізі өнім экспорттаушылар Үкіметтің үнемі сыртқа өнім шығаруға тоспа құра беретініне шағымданады. Мысалы, Қазақстанның Астық одағы Ауылшаруашылығы министрлігінің ресми деректеріне сілтеме жасай отырып, Қазақстанда бидайдың жеткілікті қоры барын, тиісінше оның экспортына шектеу қоюдың орынсыздығын ескертті. АШМ-нің дерегінше, наурыз айының ортасындағы жағдай бойынша Қазақстанда 9,1 млн тонна дәнді және бұршақ тұқымдас дақылдардың қоры бар. Оның 6 млн-ға жуығы – бидай екен. Кәсіпкерлер, экспорттаушылар бұл қордың ішкі қажеттілікті қамтуға да, сондай-ақ шетелге сатуға да жететінін айтады. Экспорттаушылардың ренжитін жөні бар. Дәл қазір мысалы, бидайдың бағасы шарықтауда: жаһандық СВОТ биржада наурыздағы контрактілерге арналған фьючерстер бойынша бидайдың 1 тоннасының құны 523,7 долларға дейін қымбаттады. Былтыр ғана 200 доллардай еді. Ендеше күреп пайда табуға болатын еді. Дегенмен Үкімет елдің жағдайына көбірек алаңдап отыр. Оның үстіне кейбір сарапшылар және ұн өндіруші отандық кәсіпорындар елдегі бидайдың қалдығына қатысты көрсеткіштер жалған болып шығуы мүмкін екенін, себебі кең таралған тәжірибе бойынша жергілікті жерлердегі кейбір аграршы жинаған астығын асыра көрсетіп, «қосып жазатынын» ескерткен. Сонымен қатар кейінгі айларда шетелге жөнелтілген бидай көлемі теміржол арқылы да, теңіз порты арқылы да күрт артты. Ай сайын орта есеппен 520 мың тоннадан астамы экспортқа артылады. Сондықтан қарулы қақтығыс, санкциялар кесірінен Украина және Ресейде биыл астық аз шығады, әрі әлемге жаһандық азық-түлік тапшылығының қаупі төнді деген болжамдар аясында Қазақстан Үкіметі ұлттық қауіпсіздіктегі ең басты стратегиялық міндет – азық-түлік жетіспеушілігіне жол бермеудің қамына ертерек кіріскен сыңайлы. 

 

Жанат АРДАҚ, inbusiness.kz
05.05.2022

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 62
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 45
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 102
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 41
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 103
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 33
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 62
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 211
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 217
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 431
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 395

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9087
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8485
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11713
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9479
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10694