Жаңа автобустармен бірге айлық та көбейеді

Жаңа автобустармен  бірге айлық та көбейеді

Тараз қаласының қоғамдық көліктері тағы да су жаңа автобустармен толықты. Нақты айтсақ, «№1 Тараз автобус паркі» ЖШС 20 «Zhong Tong» маркалы автобустарын сатып алған. Ұзындығы 8,5 метрді, жалпы сыйымдылығы кемінде 55 адамды тасымалдау мүмкіндігі бар бұл қоғамдық көліктер №11, 46, 28, 55 бағыттары бойынша жолаушы тасымалдамақ. Халықтың игілігіне қызмет ететін автобустарды салтанатты тапсыру рәсіміне облыс әкімі Нұржан Нұржігітов қатысты.

Сонымен қатар «ӘулиеатаТрансПасс» ЖШС автобус паркін толықтырған үлкен сыйымдылықты «Zhong Tong» маркалы 3 автобус №19 бағытқа қосымша қызмет көрсетіп, олардың жүру жиілігі 14 минуттан 10 минутқа қысқармақ. Қалаға жеткізілген жаңа автобустардың  біреуінің құны 38 миллион теңгені құрап отыр.

– Облыс орталығындағы қоғамдық көліктердің жетіспеушілігіне қатысты мәселені субсидия арқылы шешу қолға алынуда. Ол үшін бюджеттен 2 миллиард 200 мың теңге көлемінде қаржы қаралды.

Біз жыл сайын 70-100 жаңа автобус алу керекпіз. Алдағы үш жылда қоғамдық көліктер паркін жаңалап, жаңа бағыттармен шалғай тұрғын алқаптарды қамтуға тиіспіз. Қоғамдық көліктерді баламалы отын көзіне ауыстыру бойынша да жұмыстар атқарылуда, – деді аймақ басшысы.

Ал қала басшысы Б.Орынбековтің айтуынша, қалада әлі де автобус тапшылығы туындап отырғаны жасырын емес. Нақтырақ айтсақ, шаһарға 200 автобусқа қажеттілік бар. Бүгінгі таңда қалада 9 тасымалдаушы мекеме болса, олардың барлығы 35 бағыт бойынша жолаушылар тасымалдайды. Күн сайын шаһар көшелеріне 350 автобус шығады екен. Мұның өзі жеткіліксіз. 

– Жолаушылар көлігі тасымалын жандандыру, жетілдіру және де тұрғындарды жолаушы көлігімен толық қамтамасыз ету мақсатында 2023-2025 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары әзірленген болатын. Биылдың өзінде қалаға 70 жаңа автобус жеткізу жоспарлануда. Жоғарыда аталған жоспар бойынша 3 жыл көлемінде 120 аялдама орнату, аялдамаларға 90 жарық диодты цифрлық таблолар орнату, кемінде 200 автобус сатып алу, жаңа 15 жолаушылар бағыттарын ашу, күнделікті қызмет көрсететін автобустар санын 460-қа дейін арттыру көзделіп отыр, – дейді қала әкімі Бақытжан Орынбеков.

Осы мақсатта «СапарТранс-2012» ЖШС тарапынан кемінде 10 «Yutong» маркалы автобустарды қыркүйек айында жеткізуді қолға алса, «ӘулиеатаТрансПасс» ЖШС жыл аяғына дейін қосымша 25 автобус жеткізу жоспарлап отыр екен. Бұған қоса «City Bus» ЖШС-мен 60 автобус жеткізуге қатысты меморандум жасалған. Аталған автобустар 3 жылдық жоспарға сәйкес жаңадан ашылатын бағыттарға қызмет көрсететін болады.

– Былтыр 20 автобус әкелгенбіз. Биыл сол үрдіс қайталанып отыр. Авбустар базасы жаңарып қалды. Мекемемізде 85 пайыз авбобус жап-жаңа. Ең ескі дегендері 2018 жылғы көліктер. Алдағы уақытта қоғамдық көлік жүргізушілерінің еңбекақысын көтерсек деп отырмыз, – деді «ӘулиеатаТрансПасс» ЖШС директоры Рашид Пірманов.

 

28.04.2023

Ұқсас жаңалықтар

Таза Қазақстан республикалық акциясы
Тараз қаласының әкімдігі - 28.04.2024 11
ҚАБЫЛДАУ
Сарысу ауданы әкімдігі - 28.04.2024 12
Бірлік жарысы
Тараз қаласының әкімдігі - 28.04.2024 10
Тараз таза қала
Тараз қаласының әкімдігі - 28.04.2024 10

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1088
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7133
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 10985
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7197
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7342