ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ӨЗБЕКСТАННЫҢ ДАМУЫНДА ЖАҢА ДӘУІРДІ БАСТАЙДЫ

 ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ӨЗБЕКСТАННЫҢ ДАМУЫНДА ЖАҢА ДӘУІРДІ БАСТАЙДЫ

Ташкент облысының Қыбырай ауданындағы №13 жалпы орта білім беретін мектепте “Қыпшақ” ауылы тұрғындары елімізде 30-сәуірде өтетін референдумды жоғары деңгейде, бірлікте өткізу мақсатында жиын ұйымдастырды.  Онда ауыл тұрғындарына зиялы қауым өкілдері жаңа редакциядағы Конституциядағы өзгерістерді түсіндірді. Жаңа Конституцияға көптеген өзгерістер енгізіліп, Жаңа Өзбекстанда адамдар шын мәнінде лайықты өмір сүруі үшін жасалынған басты іс әрекет екені айтылды. Іс-шарада зиялылар жаңа дәуірдің ең маңызды және басымдықтарын, ең алдымен, еліміздегі мемлекеттік және басқару органдарын, барлық басшылар қызметін “Адамның қадір-қасиеті”, “Әділ қоғам мен әлеуметтік мемлекет құру” үшін өздерінің бар күштері мен мүмкіндіктерін айтып, бүгінгі және болашақ ұрпақтың бақуатты өмір сүруін қамтамасыз етуде белсенділікке шақырды. Айта кеткен орынды, аталмыш ауыл тұрғындарының басым бөлігі қазақ ұлтының өкілдері, олар Өзбекстандағы саяси үдеріске белсене қатысып, өз ұсыныстары мен пікірлерін білдіруде. 

 

Мысалы Конституцияның жаңа редакциясының 37-бабына сәйкес “Өзбекстан Республикасының азаматтары мемлекеттік қызметке кіруге тең құқылы”.

Мемлекеттік қызметтегі теңдік барлық азаматтарға тең мүмкіндіктер жасауды білдіреді. Бұл кандидаттардың жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дініне, әлеуметтік тегіне, сеніміне, жеке және әлеуметтік жағдайына қарамастан құқықтарының теңдігін қамтамасыз ету арқылы жүзеге асырылады. Бір сөзбен айтқанда, бұл процесте әркімге бір көзбен бөлмей қарау айқын жазылған. Мынау “пәленшенің баласы” немесе “біреудің жиені”, тағы басқа деп басымдық беру сияқты жағдайларға жол берілмейді. . Ең маңызды критерий – кәсібилік талабы, яғни өз мамандығын терең білу деңгейі.

Сонымен қатар Жаңа Конституцияда мұндай құқықтың берілуі азаматтарға мемлекеттік қызметке кіру кезінде шектен тыс талап қоюға, сыбайлас жемқорлыққа, жершілдікке, таныс-білістікке, қандастыққа жол бермейді. Сайып келгенде, ол мемлекеттік қызметтің тартымдылығын арттырады, бұл өз кезегінде мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін, қызмет көрсету сапасын, мемлекеттік қызметтің ашықтығын, бәсекеге қабілеттілігін және кәсібилігін арттыруға қызмет етеді.

Ең бастысы, бұл норма мемлекеттік органдардың қызметін заманауи құндылықтар негізінде ұйымдастыруға, бюрократияны күрт қысқартуға, кадрларды әлеуеті мен жұмыс қабілетіне қарай іріктеуге, мансап сатысынан жоғарылатуға конституциялық кепілдік болып табылады.

Жиында гендерлік теңдік мәселелеріне, әйелдерге заңды түрде көп мүмкіндіктер берілгеніне де назар аударылды. Конституцияның жаңа редакциясының 58-бабына сәйкес “Мемлекет әйелдер мен ерлерге қоғам мен мемлекет істерін басқаруда, сондай-ақ қоғам мен мемлекет өмірінің басқа да салаларында тең құқық пен мүмкіндіктерін қамтамасыз етеді” деген. Қоғам мен мемлекет өмірінде әйелдер мен ерлердің тең құқықтарын, сондай-ақ әйелдердің заңды құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз ету, олардың экономикалық, әлеуметтік және саяси белсенділігін арттыру Жаңа Өзбекстанның даму стратегиясының маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Ерлер мен әйелдердің құқықтарының теңдігі халықтың әл-ауқатында, әлеуметтік бейбітшілік пен экономикалық тұрақтылықта маңызды рөл атқаратынын ескере отырып, гендерлік теңдікті қамтамасыз ету міндетін мемлекетке жүктеу тұрақты дамудың қажетті талабы екені жиында тілдге тиек етілді.

Қоғам мен мемлекет істерін басқаруда гендерлік теңдікті қамтамасыз ету әйелдердің саяси белсенділігін арттыруға, олардың заңдар мен түрлі шешімдер қабылдауға қатысуын одан әрі кеңейтуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, білім, еңбек, кәсіпкерлік, шығармашылық, мәдениет салаларында гендерлік теңдікті қамтамасыз ету әйелдердің әлеуметтік-экономикалық белсенділігін арттыратынын атап өтті.

— Кез келген халықтың кемелдену деңгейі ең алдымен әйелдердің ғылыми мәдени жетілуімен анықталады. “Бір қызға білім берсең, ұлтты тәрбиелейсің” деп бекер айтылмаған. Сондықтан Жаңа Өзбекстанда әйелдердің білім алуына, ғылыммен айналысуына жағдай жасау мемлекеттің ерекше міндетіне айналды. Соның нәтижесінде тек 2022 жылы ғана жоғары оқу орындарына қабылданған студенттердің 49,9 пайызын қыз-келіншектер құрады, — дейді мектеп директоры Ә.Әлімбаев.

 

Осы норманы енгізу және әйелдердің мемлекет пен қоғам өміріне толыққанды белсенді қатысуын қамтамасыз ету нәтижесінде 2030 жылға қарай басшылық лауазымдарда жұмыс істейтін әйелдердің үлесі кемінде 30 пайызды құрайтынын бүгінде сарапшылар айтуда. Біріншіден, олардың әлеуметтік-экономикалық және саяси белсенділігін арттыруға, екіншіден, оларды парламент, үкімет, министрліктер, билік органдары істеріне кеңінен тартуға мүмкіндік туғызады.

Ауыл мектебінде өткен жиында жаңаланып жатқан Конституцияда Адам құқықтары да басты назарға алынғаны, сондай-ақ бір қатар жаңадан енгшізілген баптар туралы айтып, олардың мән-мазмұнын түсіндірді. Осылайша ауыл тұрғындары Жаңа Конституция Өзбекстанның дамуында жаңа дәуірді бастайтынына сенім артуда.

Айгүл ТЕШЕБАЕВА, Ташкент облыстық “Гармония” орталығының басшысы
13.04.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 41
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 572
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 686
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 600
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 609

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8746
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8146
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11375
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9129
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10360