Жаңа Мәжіліске нақты тапсырмалар жүктелді

Жаңа Мәжіліске нақты  тапсырмалар жүктелді

Жаңадан сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің алдында ел үкіметі өкілеттігін доғарды. Бұл туралы Президент жарлығында айтты.   «Қазақстан Республикасы Конституциясының 70-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 4-бабына сәйкес жаңадан сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің алдында Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілеттігін доғаруына байланысты қаулы етемін: 

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жаңа құрамы бекітілгенге дейін Қазақстан Республикасының Үкіметі өз міндеттерін атқаратын болсын. 

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі», – делінген Президент Жарлығында. 

Премьер-Министрдің кандидатурасын «Аманат» партиясы ұсынады. Президент ел үкіметі басшысының кандидатурасын сайлауда жеңіске жеткен партия ұсынады – жауапкершілік те сол партияда екенін айтып өтті. «Мен Премьер-Министрдің кандидатурасын сайлауда жеңіске жеткен партия мемлекет басшысына ұсынуға құқылы деп айттым. Осы ретте саяси жауапкершілік те сол партияға жүктеледі», – деді Мемлекет басшысы. Сондай-ақ Президент Мәжіліс депутаттарына нақты тапсырмалар берді. 29 наурыз күні Президенттің қатысуымен жаңадан құрылған Парламенттің бірінші сессиясы өтті. ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата төрағасы болып Ерлан Қошанов бірауыздан қайта сайланды. Ерлан Қошановтың кандидатурасын депутат Бақтықожа Ізмұхамбетов ұсынды. ҚР Конституциясы 58-бабының 1-тармағына сәйкес, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы мемлекеттік тілді еркін меңгерген депутаттар арасынан Палата депутаттары жалпы санының көпшілік дауысымен жасырын дауыс беру арқылы сайланады. 

Депутаттар кандидатты жасырын дауыс беруге арналған бюллетеньге енгізу туралы қажетті қаулы қабылдау жөнінде бірауыздан жақтап дауыс берді. Жасырын дауыс беруді өткізу және оның нәтижесін анықтау үшін санақ комиссиясы сайланды. Дауыс беру қорытындысы бойынша 98 депутат Қошановтың палата спикері болуын қолдаған. Сонымен қатар Мәжілістің жалпы отырысы барысында палата төрағасының екі орынбасары сайланды. Ерлан Қошанов өзіне берілген құқықты пайдалана отырып, Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары лауазымына алдымен Мәжіліс депутаты Альберт Раудың кандидатурасын ұсынды. Одан кейін Мәжіліс төрағасы 2-ші орынбасары лауазымына Дания Еспаеваның кандидатурасын ұсынды. «Дания Мәдиқызы – тәжірибелі экономист. Көп жыл басшылық қызметте, банк секторында жұмыс істеді. 7-сайланымдағы Қаржы және бюджет комитетінің хатшысы болып, заң шығару қызметіне белсене атсалысты. Өзін кәсіби маман ретінде көрсете білді», – деді Ерлан Қошанов. Келесі кезекте комитет төрағаларын депутаттар ашық дауыс беру арқылы сайлады.  Парламент Мәжілісінің регламентіне сәйкес комитеттің бір төрағасы оппозициядан сайланады. Оған Серік Егізбаев ұсынылды. Қалғандары барлығы дерлік «Аманат» партиясының мүшелерінен сайланды. Аграрлық мәселелер комитеті – Серік Егізбаев, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті – Снежана Имашева,  Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті – Айгүл Құспан, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы – Асхат Аймағамбетов, Қаржы және бюджет комитеті – Мәди Тәкеев, Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитеті – Еділ Жаңбыршин, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитеті – Нұртай Сабильянов.

Рауан Мутаир
30.03.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 39
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 103
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 32
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 39
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 46
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 38
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 99
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 103
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 297
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 291
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 913

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8986
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8381
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11606
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9364
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10590