Жаңа мүмкіндіктер уақыты

Жаңа  мүмкіндіктер уақыты

1-2 желтоқсан күндері Астана қаласында ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының ұйымдастыруымен  «Жас кітапханашы – 2022: Жаңа мүмкіндіктер уақыты» атты жас кітапханашылардың іскерлік кездесуі өтті. Бұл шараға Қазақстанның әр облысынан мемлекеттік кітапханалардың  жас кітапханашылары қатысты.

«Жас кітапханашы – 2022: Жаңа мүмкіндіктер уақыты» атты іскерлік кездесудің алғашқы күні TEDx форматындағы жас кітапханашылардың кейстері және Мобилография, Подкастинг негіздері, SMM-технологиялар, Таргетинг, Коммуникативті команда құру тақырыптарындағы тренингтермен қатар, «Әдеби PATY» аясында Салтанат Қайрбек және Айзада Рахымжанова атты жас ақындармен кездесу өтті.

Іскерлік кездесудің екінші күнінде «Шынайы көшбасшы» тақырыбында ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы, Республикалық зағип және нашар көретін жандарға арналған кітапхана, Ғ.Сланов атындағы Атырау облыстық ғылыми әмбебап кітапхана, Назарбаев Университеті кітапханасының Бас сарапшысы, А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық әмбебап кітапханасының директорларымен блиц-интервью өтті. 

Сондай-ақ «Канн» фестивалінде Гран-при жүлдесін иеленген қысқа метражды «Шәй» фильмінің қазақша тифлокомментариядағы нұсқасы көрсетіліп, Эмпатия тренингі – Қараңғыдағы диалог,  Kahoot платформасында тест тапсыру, «Жыл таңдауы – 2022» жыл қорытындысына арналған шара өтті. Екі күндік іскерлік кездесу қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Республикамыздың әр өңірінен келген жас кітапханашылардың басын бір ортаға қосып, өзара тәжірибе алмасуына ықпал еткен керемет іскерлік кездесу алдағы уақытта жаңа технологияны меңгерген, тың идеялары бар жоғары білімді жас мамандардың жұмысқа орналасуына бірден-бір себеп болары сөзсіз.

 

Ажар Алибековна ИРМАГАМБЕТОВА, «Орал қалалық кітапханалар жүйесі» КММ Кітапхана процесін автоматтандыру бөлімінің меңгерушісі
08.12.2022

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 326
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 472
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 319
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 172

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18235
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18096
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33283
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31834
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35550