Жаңа Оңалту орталығы зейнеткерлерге арналады

Жаңа Оңалту орталығы зейнеткерлерге арналады

 

Жамбыл облысы оңалту орталығындағы кездесу жайлы Жамбыл облысы Ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаевқа баяндап бердім. 150 орындық жаңа оңалту орталығында 1, 2, 3 топтағы 43-мүгедектер емделіп жатқанын, басқа орындар бос тұрғанын жеткізіп,  оңалту орталығына Жамбыл облысы бойынша зейнеткерлердің ем алуына мүмкіндік берсе деген ұсынысымды айттым.

Б.Солтыбаев жақын уақытта зейнетке шыққан ардагерлердің санаториялық-курорттық емделуге, Жамбыл облысы оңалту орталығына зейнеткерлердің емшара алуына қатысты мәселелері бойынша Жамбыл облыстық ардагерлер кеңесінің ғимаратында облыстағы жасы бойынша зейнетке шыққан азаматтардың санаториялық-курорттық емделуіне қатысты мәселелер бойынша отырысы өтті. Отырысқа облыс ардагерлерімен қатар облыс әкімшілігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Мұқанов Бекболат, Тараз қалалық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Олжабаева Гаухар, «Айша бибі» шипажайының бас дәрігері Нұржанов Райымбек, «Алмалы росорт» шипажайының басшысы  Құлманбетова Ғалия, «Самал» шипажайының басшысы Байдарбеков Өмірхан, «Тауқымыз» шипажайының басшысы Дөненбаев Мейрамбек, «Шипагер Баян» шипажайының басшысы Жаңбырбаева Дәмира, Жамбыл облыстық мүгедектерді оңалту және бейімдеу орталығының басшысы Бибазарова Қарлығаш қатысты. Отырысты облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Е.Солтыбаев ашып,  табысы төмен зейнеткерлерге қандай жеңілдіктер қаралғаны,  жалпы зейнеткерлердің, соның ішінде еңбек ардагерінің шипажайларда емделуі қалай болатындығы жөнінде  ардагерлердің көкейінде жүрген сұрақтарға жауап алу үшін осы мекеме басшыларын шақыртып отырғанын айтты. Осы айтылған  мәселелер бойынша облыс әкімшілігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Б. Мұқанов баяндама жасады. Жиында  қазіргі таңда облыс бойынша жергілікті өкілетті органдардың шешімдеріне өзгерістер енгізіліп, жан басына шаққандағы орташа табыс көлемі 3 еселенген деңгейден аспайтын (142 191 теңге) зейнеткерлерге санаториялық-курорттық емделуге мүмкіндік берілгенін, бұл ретте зейнеткер қалаған шипажайына өз қаражатымен бара алатынын және қайтып келгеннен кейін өзінен шыққан шығынның қырық бес (45) айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі сомасын, яғни 166 140 теңгесін қайтарып ала алатыны айтылды. Бүгінгі күнде облыс бойынша санаториялық-курорттық емделуге 70-ақ зейнеткер, Тараз қаласы бойынша 35 зейнеткер өтініш білдіргені атап өтілді. Сонымен қатар ҚР Үкіметінің №523 қаулысына сәйкес шипажайға өтемақы төлемі зейнеткерлердің жеке есеп-шотына қайтарылатыны айтылды. Осы аталған мәселелер бойынша  облыс ардагерлері санаториялық-курорттық емделуге бару үшін  өздері есепте тұратын қалалық және аудандық  жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне барып, өздерінің орташа табыс көлемі 3 еселенген деңгейден асатынын немесе аспайтын (142 191 теңге) санаториялық-курорттық емделуге жататынын немесе жатпайтынын анықтауы керек екені айтылды.

Сөз кезегінде Е.Солтыбаев Жамбыл облысы оңалту орталығына зейнеткерлердің барып денсаулықтарын нығайту жөнінде ұсынысын жеткізді.

Ұсыныс қабылданып, 2024 жылы тамыз айынан бастап Жамбыл облысының аудандарынан зейнеткерлер тегін емшара алуда.

Ұзақ жылдар еңбек сіңірген зейнеткерлердің демалып, денсаулықтарын сауықтыруға жағдай жасалды. Оңалту орталығында 32-ден астам емшара жасалады, төрт мезгіл тамақ беріледі, кең жарық екі адамдық бөлмелер теледидармен, тоңазытқышпен жабдықталған.

150 орындық асхана, транажёр залдары, сауна, бассейн, тұзды бөлме, спорттық бөлмелер, ойын бөлмелер, спорт залдардың аралап көріп, жақсы әсерде болдық. Мүгедек жандарға адами факторларына жасалған қамқорлықтарға көңіліміз толып қайттық.

Әр аптаның бейсенбісінде Оңалту орталығында концерттік мәдени іс-шара өтіп тұрады. Бір бейсенбіде емделуші  зейнеткер Керімбай Қашағановтың ұйымдастыруымен «Құстар қайтқанда» атты концерт өтті. Бұл концертте Қазақстанға еңбек сіңірген әншілер Бақыт Шағырбаев, Жақсылық Тілеубеков, әнші Керімбай Қашағанов әуелетіп ән шырқап, емделушілердің ыстық ықыласына бөленді. Сондай-ақ бір бейсенбіде А.Тоқпанов театрының әртістері «Беу, қыздар-ай!»  пьесасын қойды. Келесі бейсенбіде Жамбыл облысы Белсенді ұзақ өмір сүру орталығындағы Ардагерлердің концерті болып өтті.

Осы жазбаның авторы мен,  Исмайл Хаджимуратов, жұбайым Қымбат Жанетова 2024 жылы қыркүйек айында Оңалту орталығында бір ай демалып, емшара алып сауығып келдік.

Оңалту орталығындағы әлеуметтік жұмыс жөніндегі мамандар Бекқұлиева Гүлмира Өмірзаққызына, медбикелер Айгүл Тайжанова, Айжан Балқыбекова, Салтанат Мамырайымоваға, аптасына әр бейсенбі сайын  мәдени іс-шара  концерттік бағдарлама ұйымдастырып өткізіп жүрген мәдениет жұмысын ұйымдастырушы Элмира Жұмақасова ханымдарға емделушілерге қолдау көрсетіп, жылы сөздерімен қызмет көрсеткендері үшін зор алғысымызды айтамыз. Еңбектеріне табыс, отбасыларына жақсылық тілейміз.

 

Исмайл ХАДЖИМУРАТОВ,

Жамбыл облысы Ардагерлер кеңесінің мәдениет және жастар ісі жөніндегі құраманың төраға орынбасары

 

12.04.2025

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 4377
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 4555
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 19503
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 18159
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 21606