Жаңа Қазақстанды бірге өркендетейік!

Жаңа Қазақстанды бірге өркендетейік!

 

Түркістандық мәслихат хатшылары үндеу көтерді

Түркістан қаласында «Қазақстан мәслихаттары депутаттарының  бірлестігі» республикалық қоғамдық бірлестігі орталық кеңесінің отырысы өтті. Аталған жиынға Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев, облыстардың және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мәслихаттарының хатшылары, депутаттар, Түркістан облысы қалалары мен аудандары мәслихаттарының хатшылары қатысты. 

«Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі» республикалық қоғамдық бірлестігі және Түркістан облыстық мәслихаты ұйымдастырған жиында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру жолдары сөз болды. 

Жиынды «Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Төлеубек Мұқашев жүргізіп отырды. 

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Мемлекет басшысы тарапынан өңірге жақсы көңіл бөлініп жатқанын, Түркістан – бірлік пен татулықтың орталығы ретінде дамитынын тілге тиек етті. Ел бірлігін нығайтуда Түркістан тәжірибесі жоғары бағаланғанын атап өтті. Жолдаудағы басым бағыттарға тоқталып, облыстың даму барысымен таныстырды. 

«Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі» республикалық қоғамдық бірлестігінің Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» Жолдауын жүзеге асыру бойынша қазақстандықтарға «Жаңа Қазақстанды бірге өркендетейік!» атты ҮНДЕУІН жолдады.

 

Қымбатты қазақстандықтар! 

 

Біз «Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі» республикалық қоғамдық бірлестігі қасиетті рухани қаламыз Түркістанда бас қоса отырып, Отанымыз, ардақты Атамекеніміз – Қазақстан Республикасында мәнісі зор, мағынасы терең жаңа кезеңдер мен тарихи өзгерістер болып жатқан сындарлы сәтте ыстық ықыласпен ҮНДЕУ арнап отырмыз.  

Қазір әлемде түрлі геосаяси жағдайлар орын алып, қырғи-қабақ қатынастар кезеңін бастан өткеріп отырған уақытта Мемлекет басшысы       Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев елдің саяси-экономикалық жүйесіне түбегейлі реформалар енгізу арқылы болашағы жарқын, келешегі кемел ел құру жөніндегі ізгі істі қолға алды. Ұлыстың Ұлы күні қарсаңында «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауын жолдап, «Біздің мұратымыз – Жаңа Қазақстан құру. Жаңа Қазақстан дегеніміз – егемен еліміздің болашақтағы айнасы», – деп халықты ұлы мақсатқа бірігуге шақырды. 

Президенттің Жолдауында айтылған экономикалық өсімді қалпына келтіру, халықтың әл-ауқатын арттыру, құқық қорғау жүйесін жаңғырту, саяси реформаларды іске асыру, өнеркәсіптік әлеуетімізді толық пайдалану, елдің дамуының тұтас стратегиясын белгілеу сынды жасампаз жаңалықтар, орасан зор реформалар бәрімізге жоғары жауапкершілік жүктейді. Ынтымағымызды, бірлігімізді, татулығымыз бен тұрақтылығымызды көздің қарашығындай қастерлеп, жұмыла жұмыс жүргізгенде ғана алға қойған мақсаттарға қол жеткіземіз. 

Құрметті отандастар!

Қазір, елімізді дамытатын кезең. Ендеше, Тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген жетістіктерін еселеп, дамудың даңғыл жолына түсеміз десек, әрбіріміз Жаңа Қазақстанды құруға өз үлесімізді қосуға тиіспіз. Ел Президенті айтқандай, әрбір нәтижелі істің ілгері басуы адамның өзінен басталуы қажет. Бұл оңай шаруа емес, десекте, бұған білек сыбана кірісіп, аянбай тер төгу – келешек ұрпақ алдындағы біздің ортақ парызымыз. 

Қазір біз үшін ең маңыздысы – әр азаматтың Жаңа Қазақстан идеясын сезіне алуы. Оның басты көрінісі – елдегі бейбіт өмір, қоғамдағы тұрақтылық пен тыныштық екені даусыз. 

Мемлекет басшысының «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты халқына арнаған Жолдауындағы міндеттерді нәтижелі іске асыруда татулық пен бірліктің жоғары үлгісін таныта білейік!

«Қазақстан қасиетті Отанымыз, басқа Отан жоқ!» – деп Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев айтқандай, мемлекетімізді одан әрі дамыту мен жаңарту жолында баршамыздың жұдырықтай жұмылып әрекет етуіміз аса маңызды. 

Қазақстанымызды бірлігі мен ынтымағы жарасқан, ерекше еңбексүйгіш, рухани жағынан жаңғырып-жаңарған, жан-жақты өнегелі, өзгеше мемлекетке айналдыруға шақырамыз!

 

«Қазақстан мәслихаттары

 депутаттарының бірлестігі» 

республикалық қоғамдық бірлестігі

 

Түркістан қаласы
28.03.2022

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 120
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 54
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 157
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 50
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 154
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 43
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 120
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 264
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 267
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 477
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 440

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9138
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8537
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11764
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9531
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10744