Жаңа Су кодексін халықпен бірге талқылап әзірлеу керек

Жаңа Су кодексін халықпен бірге талқылап әзірлеу керек

   Жаңа Су кодексінің болашақ жобасы туралы өз пікірін білдірген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, климаттың өзгеруін халықаралық деңгейде зерттеп жүрген жас ғалым Зүлфия Сүлейменова: «Біріншіден, Президенттің жаңа су кодексін әзірлеу туралы ұсынысы орынды әрі уақтылы деп ойлаймын. Өйткені, Мемлекет басшысы айтқандай, қазір қолданып жүрген кодекс 2003 жылы қабылданған болатын. Оған дейін 1993 жылғы Су кодексі болды. Сонда 2003 жылы қабылданған кодексті қолданып келе жатқанымызға шамамен 20 болып отыр. Әрине, осы аралықта біздің су шаруашылығы саласында қалыптасқан жағдай қатты өзгерді. Сонымен қатар, климат та қатты өзгеріп, мұздықтар қарқынды түрде еріп жатыр. Ал мұздықтар – тұщы судың негізгі көздерінің бірі. Тұтас экожүйелер деградацияға түсіп жатыр. Сол себепті жаңа Су кодексі осы мәселелерді кешенді түрде қарастырып, шешуге бағытталуы керек. Су кодексіндегі нормаларды қайта бір сүзгіден өткізу керек. 2003 жылы қабылданған кодекстің ішінде жұмыс істеген нормалар да бар. Идеясы жақсы, бірақ жұмыс істемеген нормалар да болды. Тіпті мүлдем өзекті емес нормалар да кездеседі. Сол жағынан қарағанда, менің ойымша, тұтас талдау жасалу керек. Идеясы өзекті, бірақ жұмыс істемей тұрған нормаларды қалай өзгерту керектігін зерделеу маңызды. Cондай-ақ, қолданыстағы Су кодексіндегі жерасты суы мен жерүсті суын бөліп қарайтын қағидат өзгеруі қажет.  2003 жылғы Су кодексінің ішінде бір мәселе бар. Жерасты және жерүсті сулары бір министрліктің құрамында болғанымен, екі түрлі құрылымдық бөлімшеге қарайды. Мысалы, жерасты сулары Геология комитетіне қарайды. Соның әсерінен жерасты суларының мәселелері жер қойнауын пайдалану тұрғысынан реттеледі. Менің ойымша, бұл дұрыс емес. Негізі біз оны су ресурстары шеңберінде қарастыруымыз керек. Жердің астындағы су мен үстіндегі су бір-бірімен тығыз байланысты. Соған қарамастан заң екі жаққа бөлініп тасталған. Су ресурстарын мемлекет тарапынан басқаруда да бірізділік жоқ. Менің ойымша, үшінші маңызды мәселе – су ресурстарын басқару өте бытыраңқы жүйенің ішінде тұр. Мен ол проблеманы депутаттық сауал ретінде де көтердім. Бізде су ресурстарының әр түрлі мәселелерімен 8 министрлік айналысады. Соның ішінде 172 құрылымдық бөлімше жұмыс істейді. Егер біз суды шынымен стратегиялық маңызды ресурс ретінде қарастыратын болсақ, осының бәрін бір арнаға тоғысып жұмыс істейтін құқықтық база қалыптастыру маңызды. Олардың жұмыстарын үйлестіру жағынан нақты жұмыс істеп жатқан механизм жоқ. Сол жағынан қарағанда жаңа Су кодексі ең алдымен біздегі шектеулі су ресурстарын қалай басқару керектігін айқындауы керек деп ойлаймын. Климаттың өзгеруі жағдайында су көздері азайып жатыр. Жауын-шашындардың, қардың түсу көлемі де құбылып тұр. Оның бәрі судың молдығына әсер етеді. Су ресурстарын, барлық су обьектілерін кешенді түрде интеграцияланған түрде, олардың өзара байланыстылығын түсіну арқылы іске асыру жағын ойластыру керек. Яғни, су мәселесіне тұтас экожүйе ретінде қарап, шешімдер қабылдау маңызды. Төртіншіден, Су кодексі үнемді пайдалануды ынталандыратын құжат болуы керек. Оны Мемлекет басшысының өзі де айтып кетті. Қазір біз тұтынып отырған судың 60 пайыздан астамы ауыл шаруашылығына, 30 пайыздан астамы индустрияға тиесілі. Осы тұрғдан қарағанда, өкінішке қарай, біз су ресурстарын тиімді пайдаланып отырған жоқпыз. Заңда суды үнемді пайдалануға жол ашатын тетіктер бар ма? Егер жоқ болса, осының бәрі жаңа кодекстің ішіне енуі керек. Менің ойымша, Су кодексін жаңа редакцияда әзірлеу өте маңызды, өте күрделі жұмыс. Мұндай маңызды құжат бұқара халықты кеңінен тарту арқылы ғана, жан-жақты талқылау арқылы ғана жазылуы керек деп ойлаймын. Өйткені экономиканың кез келген саласында суды пайдаланамыз. Мен жаңа кодексті әзірлеуге бір адамдай атсалысуға дайынмын.  Бұл кодексті әзірлеуге қандай мамандарды тарту керектігіне келсек, әсіресе жас су мамандарын, сарапшыларын тарту керек. Қазіргі таңда гидротехника, гидроинженерия, гидрология, халықаралық су құқықтары сияқты мамандықтар бойынша шетелде білім алған жастар баршылық. Олар осы мәселелермен тыңғылықты айналысып жүр. Осы жас мамандарды жаңа Су кодексін әзірлеуге, талқылауға кеңінен тарту керек. Жаңадан қабылданатын Су кодексі алдағы 10-20 жылға су саласындағы барлық қарым-қатынастарды реттейтін құжат болғандықтан, қазіргі жас ұрпақ қолданатын болғандықтан, сол буынның өкілдері кеңінен тартылуы керек деп ойлаймын. Ұсыныс түсіп жатса өзім де білек сыбанып кірісуге дайынмын», деді.

Ермек САХАРИЕВ
09.02.2022

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 46
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 158
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 197
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 56
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 191
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 158
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 304
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 303
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 524
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 475

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9179
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8578
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11806
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9575
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10785