Жаңа заң жобасы талқыланды

Жаңа заң жобасы талқыланды

Ақтауда «Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі» республикалық қоғамдық бірлестігінің көшпелі отырысы өтті. Жиынға Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев, «Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі» РҚБ төрағасы Төлеубек Мұқашев, еліміздің барлық облыстары мен республикалық маңызы бар қалалар мәслихаттарының хатшылары, Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаттары, сондай-ақ қалалық және аудандық мәслихаттардың хатшылары қатысты. 

Өңірлердің дербестігін кеңейту мақсатында «Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару туралы» жаңа заң әзірленуде. Осы үдеріске барлық өңірлердегі азаматтық қоғам өкілдерін жұмылдыру көзделген. Басты міндет – жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өкілеттіктерін кеңейту, басқару үдерістерін қағазбастылықтан арылту және олардың қаржылық дербестігін нығайту. Барлық механизм жергілікті атқарушы органдар мен өзін-өзі басқару органдары жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталады. Аталған заң жобасын Мәжіліске 2023 жылы енгізу жоспарланып отыр. 

Жиында сөз алған аймақ басшысы аталған заң жобасының халық үшін маңызды тұстарына тоқталып, референдумға жергілікті тұрғындардың белсене қатысқанын айтып өтті.

«Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы аясында саяси жүйе мен әкімшілік-аумақтық құрылымды өзгерту бойынша нақты міндеттер қойылды. Осыған орай өңірлердің дербестігін кеңейту бойынша жұмыстар жүргізіліп, жергілікті өзін-өзі басқару туралы заң әзірленуде. Басты міндет – жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өкілеттіктерін кеңейту және жергілікті атқарушы, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының жұмысының тиімділігін қамтамасыз етуге бағытталған», – деп атап өтті Нұрлан Ноғаев. 

Іс-шараға қатысушылар «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заң жобасы бойынша баяндама жасап, өз ұсыныстары мен пікірлерін ортаға салды.

 

Голрох Жеменей, Маңғыстау облысы
28.07.2022

Ұқсас жаңалықтар

АГРАРЛЫҚ ӨҢІРДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ, Жамбыл облысы - 03.10.2025 125
БИЛІКТЕГІ АУЫС-ТҮЙІС ХАЛЫҚҚА НЕ БЕРЕДІ?
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 02.10.2025 133
БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 415
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 400

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18318
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18180
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33366
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31917
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35669