Жаңаөзен қаласында 7 бағыт бойынша жұмыс істейтін коворкинг орталығы ашылды

Жаңаөзен қаласында 7 бағыт бойынша жұмыс істейтін коворкинг орталығы ашылды

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Жаңаөзен қаласында коворкинг орталығы ашылды. Орталық үшін қалалық білім бөлімі мекемесінен арнайы кабинет берілген. Бұл туралы Жаңаөзен қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Орталық 7 бағыт бойынша жұмыс істейді. Оның біріншісі – озық тәжірибелі мектептер мен дебат клубтарының жұмысын ұйымдастыру. Екіншісі – «Оқуға құштар мектеп» жобасын жүзеге асыру, педагогтердің авторлық бағдарламаларына әдістемелік қолдау көрсету. Сондай-ақ ардагер ұстаздар, үздік педагогтермен кездесу, сыр-сұхбаттар өткізу. Мұнда білім алушылардың ғылыми жобаларына халықаралық зерттеу жұмыстары жүргізіліп, әдістемелік көмек көрсетіледі. Бұдан бөлек жетекші мектептер мен педагог-психолог мамандардың тәжірибе алмасуына мүмкіндік беріледі.

-Коворкинг орталығы заман талабына сай жабдықталған. Бұл жерде әр педагог оқу бағдарламасы аясындағы креативті жобаларын жүзеге асыра алады. Ал оқушыларға олимпиадаларға дайындалып, шығармашылықпен айналысуға мүмкіндік бар, - деді Жаңаөзен қалалық білім бөлімінің басшысы Ысқақ Құлатай.

25.11.2021

Ұқсас жаңалықтар

АГРАРЛЫҚ ӨҢІРДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ, Жамбыл облысы - 03.10.2025 217
БИЛІКТЕГІ АУЫС-ТҮЙІС ХАЛЫҚҚА НЕ БЕРЕДІ?
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 02.10.2025 229
БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 492

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18417
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18275
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33463
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 32014
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35781