Жанармай бағасын өсірмеу шаралары іске асырылуда

Жанармай бағасын өсірмеу шаралары іске асырылуда

      Мемлекет Басшысы Қ. Тоқаев 2022 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің отырысында сөйлеген сөзінде қолайлы нарық жағдайында бензин өндірушілер мен түрлі делдалдар қосымша пайда табатынын айтты. Сонымен қатар акциздер арқылы бюджет пайдасына осы маржаның бір бөлігін алу қажеттілігі атап өтілді. Бұл ретте, тиісті есептеулер жүргізу және бағаның өсуіне жол бермеу тапсырылды.    Осыған орай ҚР Энергетика министрлігі: «Бензин мен дизельдің акцизі көтерілсе де, шекті баға сақталады Айта кету керек, 2021 жылы бензин мен дизель отыны бағасы айтарлықтай өскен: бензин 30 теңгеден астам, дизель отыны 60 теңгеден астам. Бұл ретте акциздер өзгерген жоқ. Жоғарыда аталған тапсырманы орындау үшін мыналар ұсынылды: бензинді көтерме саудада өткізуге арналған акциз мөлшерлемесін 1 тонна үшін 24 435 теңгеден 38 134 теңгеге дейін ұлғайту (қазіргі уақытта бензиннің әрбір литріндегі акциз 17,8 теңгені құрайды, акциз мөлшерлемесін литріне 10 теңгеге, яғни 17,8+10=27,8 арттыру ұсынылады); дизель отынын көтерме саудада өткізуге арналған акциздер мөлшерлемесін 1 тонна үшін 9 300 теңгеден 35 726 теңгеге дейін ұлғайту (дизель отынының әр литрі 7,2 теңгені құрайды, акциз мөлшерлемесін литріне 20 теңгеге арттыру ұсынылады, яғни 7,2+20=27,2). Бұл ретте, «Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдеріне шекті бағаларды белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 19 мамырдағы № 361 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2022 жылғы 6 қаңтардағы № 2 бұйрығына сәйкес 180 күнге дейін ЖЖМ бөлшек сауда арқылы өткізуге шекті бағалар белгіленгендіктен, акциздерді арттыру ЖЖМ бағасының өсуіне әкелмейді. Бұдан басқа, шекті бағалардың қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін бағалардың одан әрі өсуіне жол бермеу үшін Мемлекет басшысы ЖЖМ өндіру және тарату саласын реформалау үшін ұсыныстар кешенін әзірлеуге тапсырма берді. Осылайша, қолданыстағы шекті бағалар, сондай-ақ қабылданатын шаралар кешені аясында акциздердің ұлғаюы ЖЖМ бағасының өсуіне әкелмейді.  Барлық құқықтар қорғалған»,— деп хабарлайды.  

Ермек САХАРИЕВ
21.02.2022

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 30
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 153
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 61
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 190
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 56
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 186
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 153
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 299
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 297
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 517
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 470

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9171
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8569
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11797
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9566
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10777