Үкімет отырысында ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов: «Бүгінгі күні Энергетика, Қаржы министрліктері мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бірлескен бұйрығы бар екенін атап өткім келеді. Оның шеңберінде бензин, дизель отынын және мұнай өнімдерінің басқа да жекелеген түрлерін автомобиль көлігімен елден тыс жерлерге әкетуге тыйым салынды және оны тағы 6 айға ұзарту туралы мәселе пысықталып жатыр. Биылғы қаңтар-наурыз айларының қорытындылары бойынша шамамен 3,4 млн тонна мұнай өнімі өндірілді, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңінен 107,5%-ға артық. Оның ішінде автобензин бойынша көрсеткіш 1,2 млн тоннаға жетіп, өткен жылдан 102,9%-ға көбейген. 1,2 млн тонна дизель отыны өндірілген (110,5%) құрайды. Айта кетейік, биылғы қаңтар-наурыз айлары аралығында мұнай және конденсат өндіру көлемі 22,7 млн тоннаны немесе 2021 жылдың ұқсас кезеңіне 107,6%-ды құрады.