Заңдастыру 1 шілдеге дейін жалғасады

Заңдастыру 1 шілдеге дейін жалғасады

Шетелдік көлікті заңдастырудың бірінші күні 100 адам жаңа нөмір мен құжат алды. 23 қаңтарда елде шетелдік автокөліктерді заңдастыру науқаны басталды. Polisia.kz ақпараттық медиа-порталының хабарлауынша, сағат 18:00-дегі ақпаратқа сәйкес 2000-нан астам өтінім мақұлданған, оның ішінде 100 адам тиісті құжатын алды.

– Құжаттары толық азаматтар мемлекеттік нөмірлік белгілерін алып, өз көліктерін сәтті заңдастыруда, – деп хабарлады ІІМ. Азаматтарға ХҚО-ларда мамандар көмектесіп жатыр. Мұнда кеңес алып, базалар бойынша құжаттарды тексеруге мүмкіндік бар. Әрбір өтінім жеке қаралады. Қосымша сұрақтар туындаған автокөлік иелеріне қажетті ұсыныстар беріледі. Халыққа қызмет көрсету орталықтары сағат 22:00-ге дейін жұмыс істейді. Естеріңізге сала кетейік, заңдастыруға өтінімді е-gov.kz электрондық үкімет порталы, екінші деңгейлі банктердің қосымшасы, халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы беруге болады.

Ереже бойынша автокөлік Қазақстанға 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген болуы керек, қылмыстық есепте болмауы тиіс, басқа мемлекетте бұрынғы тіркелген жері бойынша есептен шығарылуы қажет. Сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден әкелінген автокөлік кедендік тазартудан өтуі тиіс. Егер автокөлік заңдастыруға жататын болса, онда алғашқы тіркеу үшін мемлекеттік алымды, мемлекеттік нөмірге төлем мен техпаспорт үшін мемлекеттік БАЖ төлеу қажет.

Ермек Сахариев
26.01.2023

Ұқсас жаңалықтар

ҚАЗАҚТЫҢ САНЫ
Жәнібек Қожық ФБ парақшасынан - 28.03.2023 139
РАМАЗАН
Нағашыбай Қабылбек - 24.03.2023 296
АҚПАРАТ ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК
Дархан МЫҢБАЙ, Ақпарат және қоғамдық даму саласындағы қоғамдық кеңестің төрағасының ФБ парақшасынан - 18.03.2023 508

Топ жаңалықтар

1
ҚАЗАҚТЫҢ САНЫ
Show more
Жәнібек Қожық ФБ парақшасынан - 2023-03-28 139
2
ТОҒЫШАРЛАР ТЕАТРҒА БАРЫП ТҰРЫҢДАР...
Show more
Дулат Исабеков - 2023-03-26 183
3
РАМАЗАН
Show more
Нағашыбай Қабылбек - 2023-03-24 296
4
Ермұрат Бапи: Халықтан басқа ешімнің алдында жауап беруге міндетті емеспін!
Show more
Нұргелді ӘБДІҒАНИ, Abai.kz - 2023-03-24 295
5
ӨЗБЕКСТАН ҚАЗАҚТАРЫ НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІН ТОЙЛАДЫ
Show more
Айгүл ТЕШЕБАЕВА, Ташкент облысы. - 2023-03-23 405