Заңнамаға енгізілген түзетулер талқыланды

Заңнамаға енгізілген  түзетулер талқыланды

Әділет министрлігі дөңгелек үстел форматында «Бақылаушылар қызметін заңнамалық реттеу» тақырыбында онлайн талқылау өткізді. Отырысқа мүдделі мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мен сарапшылар қатысты. Талқылау барысында ұлттық бақылаушыларды аккредиттеуге қатысты мәселелер көтерілді. Талқылау белсенді түрде өтіп, қатысушылар әртүрлі пікірлер мен ұсыныстар айтты. Ұсынылған түзетулердің негізгі бағыты бақылаушылардың қызметін кәсіби негізде жүзеге асыруға бағытталған. Ведомство таратқан хабарламада: «Аккредиттеуді енгізу бақылаушылардың қызметін, олардың құқықтары мен өкілеттіктерін регламенттеуге мүмкіндік береді. Жаңа ережелер шешілмейтін сипатқа ие емес, олар тек бақылаушылардың жауапкершілігін арттыруға, олардың мәртебесін нақтылауға арналған. Халықаралық тәжірибе сайлауды ұйымдастыру жүйесінің тұрақты өзгерістер мен реформалар арнасында екенін және ашық сайлау өткізу үшін оңтайлы шешімдер іздестіріліп жатқанын көрсетеді. Қазақстандық заңнама сайлау практикасының барлық заманауи үрдістері мен серпінін көрсетуге тиіс», – делінген.  Үкіметтік емес ұйымдар сайлау процесінің маңызды институты ретінде бақылаушылар деңгейінің құзыретін жетілдіру қажеттігі туралы көтерілген бастамаларды қолдады. Мұнда аккредиттеу институтын енгізу маңызды еді, бірақ сонымен бірге оның егжей-тегжейлері туралы әртүрлі пікірлер болды. Кейбір қатысушылар жергілікті бақылаушыларды аккредиттеуді енгізуді жақтады, өйткені шетелдік араласу мәселесі ұлттық қауіпсіздіктің негізінде жатыр деп санайды. Әлгі ақпаратта:  «Бұл шара жергілікті бақылаушылар институтын халықаралық деңгейге шығарады. Қазақстан Республикасы Конституциясының 39-бабына сәйкес кез келген конституциялық құқықтар, егер бұл ұлттық қауіпсіздік мәселелеріне қатысты болса, заңмен шектелуі мүмкін. Әлемнің кез келген елінде ұлттық қауіпсіздік басымдыққа ие, атап айтқанда шетелдік араласу мен қаржыландыру тәуекелдеріне қатысты», – делінген. Басқа тұлғалар аккредитация сайлауға ниет білдірушілердің байқаушы ретінде қатысуына кедергі келтіретіні туралы өз пікірлерін білдірді. Талқылау қорытындысы бойынша айтылған пікірлер жұмысқа қабылданды және Әділет министрлігімен пысықталатын болады.

 

Ермек Сахариев
11.08.2022

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 37
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 61
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 32
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 62
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 24
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 56
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 171
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 174
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 392
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 355
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 972

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9050
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8446
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11674
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9437
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10654