Жаныңа жақын тұтқан адамың бір күні жат болып кетуі мүмкін

Жаныңа жақын тұтқан адамың бір күні жат болып кетуі мүмкін

Кейде біз өзімізден бұрын адамгершілігімізді жоғары қойып, шекарамызға шектеу қоямыз. Өз ойымызды ашық айтуға ұялып, үнемі біреудің көңіліне қарап, жақсылықтан үміт күтіп жүреміз. Бірақ осы үнсіздігіміз қадіріміздің кетуіне, сенімнің жоғалуына әкеп соғады. Сол себепті уақытында барлығын тоқтата білу керек. Ескіден арылмай, жаңасы келмейді.

Кей адамдарды жүрекке тым жақын тұтып, оларды өзімізше мінсіз бейнеге айналдырып аламыз. Барымызды беріп, бағалауға тырысамыз. Алайда сенім мен құрметтің салмағын түсінбейтіндер болады. Олар сенің адалдығыңды әлсіздік, жанашырлығыңды міндет деп қабылдап, сені өз меншігіндей көруге тырысады.

Ондай адамға қажет болса, өзі ренжіп кету де, керек кезінде жылы сөз айтып көңіліңді табу да қиын емес. Бірақ бұл – шынайылық емес, бұл – менмендік. Ал әр әңгіменің соңы бар. Әр шекараның шегі, әр төзімнің нүктесі болады.

Жаныңа жақын тұтқан адамың бір күні жат болып кетуі мүмкін. Бірақ ең үлкен сабақ – сол сәтте деңгейіңді түсірмеу. Абыройыңды сақтап, үнсіз кету. Сеніміңді аяққа таптаған жанмен күресудің де, түсіндірудің де қажеті жоқ екенін түсінесің.

Кеш болса да, өткенге өкінудің қажеті жоқ. Себебі әр нәрсенің өз уақыты бар. Ең бастысы – жаның таза, ниетің түзу болып, ешкімге жамандық тілемеу. Жүрекке ауыр тиетіні – жылдар бойы адалдығыңды дәлелдеп келіп, бір ауыз сөзбен бәрін сызып тастауы. Көңіліңді қатты қалдырады!

 

Аяулым НҰРЛАНҚЫЗЫ

14.06.2025

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 323
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 316
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 168
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 469

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18233
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18094
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33281
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31832
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35540