Жақсының аты, ғалымның хаты өлмейді

Жақсының аты, ғалымның хаты өлмейді

Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Беркімбаева Шәмша Көпбайқызы тірі болса, 80 жасқа толар еді. 10 қазан күні Алматы қаласында жөні бөлек бір ұлағатты шара өтті. «Білім-Инновация» лицейлері жүйесіне қарайтын Алматыдағы қыз балалар лицейіне марқұм Шәмша Көпбайқызының есімі берілді. Оқу орны осы күннен бастап «Ш.К.Беркімбаева атындағы Алматы қыздар мектеп-лицей-интернаты» деп аталатын болды. Шәмша Көпбайқызы Қызылордадағы педучилищені,  одан соң Алматыдағы Қыздар педагогикалық институтын бітірген. Алғашқы қадамын ауыл мұғалімі болып бастаған ол, өзінің талантымен, ұйымдастыру қабілетінің жоғарылығымен тез көзге ілініп, үздіксіз өрлей түседі. Алматы облысының білім саласын, республикалық білім министрінің орынбасарлығын, артынан Білім және ғылым министрі, Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ректоры секілді маңызды қызметтерді атқарды. Оның әсіресе тәуелсіздіктің елең-алаң кезінде елдің ғылым-былым саласына сіңірген еңбегі ұшан-теңіз. Ол мемлекеттігімізді алғашқы болып мойындаған Түрік Республикасымен болған қарым-қатынасқа ерекше көңіл бөлді. Қазақ-Түрік лицейлерінің ашылуы мен жұмысын жолға қоюда қолдаушылық танытты. Оның осындай жанқиярлықпен еткен еңбегі ел есінде. Соның нәтижесі ретінде үздік оқу орны, дарынды шәкірттердің білім ордасына Шәмша Көпбайқызының аты берілді. Шараға Астанадан Президенттің кеңесшісі Мәлік Отарбаев мырза, «Білім-инновация» лицейлері жүйесінің қор президенті Дарқан Өте, Алматы облысы білім басқармасының басшысы, тағы да Асқар Жұмаділдаев бастаған ғалымдар, Нұрдәулет Ақыш, Нағашыбек Қапалбек бастаған жазушылар, Зейнеп Ахметова секілді әз әжелер, өзге де аты белгілі зиялы қауым өкілдері, Шәмша апаның туыстары, газет-журнал, радио-телеарналардың журналистері көп жиналды. Алматыдағы Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті, Сүлеймен Демирель атындағы университет секілді жоғары оқу орындарының ректорлары келіп құттықтап, мектеппен бірлесіп жұмыс істеуге ниет танытты.  Лицейге жаңа атау беріліп, лентасы қиылды. Сонымен, 10 қазаннан бастап Алматыдағы қыздар лицейі ендігі жерде Шәмша Беркімбаеваның есімімен аталатын болды.   

Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ
13.10.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 44
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 141
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 40
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 46
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 56
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 45
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 136
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 141
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 328
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 321
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 944

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9017
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8413
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11640
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9396
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10623