«Зардап шеккендерге көмек көрсетейік»: Шавкат Рахмонов қазақстандықтарға үндеу жасады

«Зардап шеккендерге көмек көрсетейік»: Шавкат Рахмонов қазақстандықтарға үндеу жасады

Шавкат Рахмоновтың халыққа жасаған видеоүндеуі Instagram желісіндегі жеке парақшасында жарияланды.

«Ардақты ағайын, «Апат айтып келмейді» дейді халқымыз. Көптеген ауыл-аймақты су басып қалды. Үлкендеріміз мұндай апат бұрын-соңды болмағанын айтып жатыр. Мемлекет тарапынан барлық шара қабылдануда. Әскерилер, құтқарушылар мен еріктілер су тасқынымен күресуге жұмылдырылды. Олар күн-түн демей жұмыс жасап жатыр. Осындай сын сәтте бәріміз бір болайық. Зардап шеккендерге көмек көрсетейік», - деді спортшы.

Айта кетейік, елімізде су тасқыны салдарынан ауыр жағдай қалыптасып, бірнеше өңірде төтенше жағдай жарияланды.

Төтенше жағдайлар министрлігі су тасқыны салдарынан Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында 3 171 жеке тұрғын үй және 179 аула аумағы су астында қалып отырғанын мәлімдеді.

Бүгін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынына байланысты ел халқына үндеу жасап, қазіргі су тасқыны – Қазақстандағы 80 жылдағы ең ауқымды су тасқыны екенін атап өтті. Бұл ретте президент мемлекет бірде-бір адамды ескерусіз қалдырмайтынын айтты.

prosports.kz
06.04.2024

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 326
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 172
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 472
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 319

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18235
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18096
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33283
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31834
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35550