Жарты ғасыр тарихы бар - Маңғыстау газеті

Жарты ғасыр тарихы бар - Маңғыстау газеті

«Маңғыстау»  газетінің 50 жылдық және 2 облыстық, 5 аудандық газет пен Маңғыстау жаңалықтары -  mangystaumedia.kz   басын біріктірген «Маңғыстау-Медиа»  медиасеріктестігінің  10 жылдық мерейтойы жоғары деңгейде ұйымдастырылды.  

 Өлке тыныс-тірлігі турасында  халықты хабардар еткен  төл басылымның жарты ғасырлық тойында еліміздің әр түкпірінен сапарлап келген тілеулес жандар төбе көрсетіп,  ақжарма тілегін ақтарып, жетістіктерге көз жүгіртіп өтті. 

«Қазақстан дәуірі»  газеті мен «Мөлдір бұлақ»  журналының бас директоры, қоғам қайраткері Сәуле Мешітбайқызы қадірлі қонақтар қатарында жылы лебізін білдірген еді.  Ұлттық дәп-дәстүр мен ата ғұрыпты ұлықтау,  қазақы құндылықтар қадір-қасиетін жете тану секілді көшелі пікірлерді көпшіліктің ой-талқысына тастап жүрген Ел Анасы журналистерге кеңесін берді. Сондай-ақ ол  қазақ қоғамы мен медиа-құрылымдары  әлемдік ақпарат кеңістігіндегі жаһандану үдерістері ықпалынан туындаған түбегейлі өзгерістерден тыс қалмауы тиістігін, алайда  көп бағдарлы қызметін  ұлттық тәрбие тамырымен тіндестіріп,   ұлттық мүддемен  ұштастыра білу қажеттігін сөз етті.  

 

«Бүгінгі іс-шара күллі қазақ баспасөзінің мерейін асырған мереке болды. Еліміздің әр түкпірінен киелі топыраққа табан тіреген қалам қуаты зор жазбагер қауым мен журналистерге рухани серпіліс сыйлаған  күні болды. Сүйекті,  өзекті, сараланған мақалалармен халықтың сана-сезімін серпілткен, ұлттық рухты бұйығы ұйқыдан оятқан журналистер қашан да құрметке ие», - деді қоғам қайраткері.

Голрох Жеменей
25.05.2023

Ұқсас жаңалықтар

Түркістанда шөп орағы басталды
Жанысбек Арыстанбеков Әшір Бүркітбаев ауылы - 27.05.2023 88
АГРОСАЛАДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ
Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы - 27.05.2023 34
Әскери міндеттілермен кездесу
Қордай ауданының әкімдігі - 27.05.2023 71

Топ жаңалықтар

1
Шыңғысханның төр мен босағаны сынауы
Show more
- 2023-05-27 61
2
Қарағанды да бос орындар жәрменкесі өтті
Show more
- 2023-05-27 59
3
Оралдық оқушы республикалық білім додасында жеңімпаз атанды
Show more
Ләззат ҚАЖЫМОВА БҚО Орал қаласы - 2023-05-26 149
4
Жарты ғасыр тарихы бар - Маңғыстау газеті
Show more
Голрох Жеменей - 2023-05-25 309
5
Вейп пен электронды темекіге тыйым салу керек пе?
Show more
Нартай Сарсенғалиев, ФБ парақшасынан - 2023-05-23 491