Жас ғалымдарға қолдау артып келеді

Жас ғалымдарға   қолдау артып келеді

Елімізде жас ғалымдар мен зерттеушілерге деген мемлекеттік қолдау жыл сайын артып келе жатыр. Бұл жерде мемлекеттік қолдаулардың бірнеше түрін айта кеткен жөн. Осының ең алдында жас ғалымдардың шәкіртақысының көбеюін айтар едік. Бұл отандық ғылымды дамытуға жұмсалып жатқан қайтарымсыз қаржы екендігін айрықша атап өткен жөн. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлының тікелей тапсырмасымен ғылым саласын жетілдіру, мемлекеттік қолдауды жыл сайын арттыру мәселесі қазір министрліктің назарында тұр. Әрине, мемлекеттің қолдауы болмаса, бүгінгідей қымбатшылық қысқан заманда кез келген ғалым өз бетімен алыс-жақын шетелдерге барып білім алу, тағылымдамадан өту, тәжірибе алмасу сынды аса қажетті жұмыстарға кірісе алмайтыны белгілі. 

Елімізде 1994 жылдан басталған «Болашақ» бағдарламасымен бүгінге    дейін мыңдаған жастарымыз шетелдің озық оқу орындарынан білім алып келді. Бүгінде олар ғылым саласында, мемлекеттік басқару органдарында жемісті жұмыстар атқарып жатыр. Бұл бағдарлама алдағы уақытта да жалғасын табады.

Соңғы жылдары мектеп бітіруші түлектерге арналған гранттардың саны да еселеп арта түсті. Ішінара мамандықтарға мемлекеттік тапсырыс көлемі 10 пайызға артты. Оның басым бөлігі техникалық бағыттарға арналғандығын ерекше айта кеткен жөн.   Бұдан бөлек жетекші оқу  орындарының  ақысында         өзгерістер болып жатыр. Министрліктің тапсырмасына сәйкес оқу ақысы 20 пайызға төмендетілді. Ал грантқа түскен студенттердің де шәкіртақысын 2025 жылға дейін екі есеге арттыру көзделіп отыр.  

Президенттің ғалымдардың мәртебесін көтеру жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру үшін ең алдымен олардың жалақысы көбейтілді, ғалымдар мен зерттеушілер саны бүгінде 1,5 есе өсті. Министр Саясат Нұрбектің Үкіметте жасаған баяндамасына сенсек, «Ғылымды қаржыландыру 70%-ға ұлғайған. Қазір жас ғалымдар мен постдокторанттарға 1 014 грант бөлінді. Жалпы үш жылда ғылымды қаржыландыру 70%-ға өскен» екен.

«Министрлік 2023-2025 жылдарға арналған гранттық қаржыландыруға үш конкурс жариялады: бюджеті 3 млрд теңгені құрайтын «Жас ғалым» жобасы бойынша; бюджеті 9 млрд теңгені құрайтын 2023-2025 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша жас ғалымдар конкурсы; сондай-ақ бюджеті 74 млрд теңгені құрайтын 2023-2025 жылдарға арналған жалпы конкурс», –  дейді Саясат Нұрбек мырза.

Қазір талаптанған жастарға, ғалымдарға мемлекеттің қолдауы жетерліктей болды деуге негіз бар. Құзырлы мекеме өкілдерінің жасаған баяндамаларына сүйенсек, ендігі жерде жас кадрлардың ғылым-білім саласына көптеп келуін ынталандыру үшін  «академиялық жазуды, ағылшын тілін, цифрлық дағдыларды, ғылыми өтінімдерді әзірлеуді және басқа да қажетті құзыреттер мен дағдыларды оқыту үшін әлемнің жетекші ғылыми орталықтарына тағылымдамадан өтуге 500 қазақстандық ғалым жіберіледі» екен. 

Бұл салада Қазақстан Республикасы көпке үлгі боларлықтай талай игі бастаманы жүзеге асырып келе жатыр. Қазір шетел тілдерін жетік меңгерген жастарымыз әлемнің түкпір-түкпіріндегі ЖОО-ларда ғылыми зерттеу орталықтарында, әлемнің жетекші компанияларында қызмет істеп жүр. Еліміз жөнінен айтқанда Назарбаев университетінің тәжірибесі өзінің тиімділігін дәлелдеп шықты деуге болады. Президенттің тікелей бастамасымен алдағы уақытта елімізде шетелдің әлемге танымал 5 университетінің филиалы ашылатын болады. Қасым-Жомарт Кемелұлы сонымен қоса мұнай-химия, техникалық салалардағы жас мамандар мен ғалымдарды жетілдіріп шығу үшін қолдан келгеннің барлығын жасайтындығын үнемі қайталаумен келеді. 

Еліміздің келешегі білімді жастардың қолында екендігін ескерсек, мемлекеттің жас ғалымдар мен зерттеушілерге жасап жатқан қамқорлығы мен салып жатқан инвестициясы алдағы уақытта тәуелсіз қазақ елі үшін еселеп қайтатындығына күмәніміз жоқ!

 

Ермек Сахариев
16.02.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 208
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 204
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 709
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 832
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 746

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8903
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8297
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11525
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9281
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10509