Жас техниктер бас жүлдені қанжығалады

Жас техниктер бас  жүлдені қанжығалады

Орал қалалық білім беру бөлімінің баспасөз қызметі мектеп оқушыларының халықаралық байқауда бас жүлдені иеленгені туралы сүйінші хабармен бөлісті.

Возможно, это изображение 8 человек

Қарағанды қаласында 6-16 жас аралығындағы мектеп оқушыларының арасында өткен VII халықаралық «ROBOLAND-2022» робототехника, бағдарламалау және инновациялық технологиялар фестиваліне қатысқан оралдық жеткіншектер осындай жеңісті бағындырған

– Байқау қорытындысында әлемнің алпауыт елдерінен келген мықтылармен жарысқа түскен оралдық жас техниктер командасы бас жүлдені қанжығалады. Олар – Орал қаласындағы «Оқушылар сарайының» педагогы Нұрбол Қырықбаевтың жетекшілігіндегі «Робототехника» үйірмесінің шәкірттері Зейін Мағал, Райымбек Габдуллин, Артур Жақсығалиев, Алиислам Құрманғалиев, Арайлым Хайдарова, Төрехан Асхатұлы. Кейінгі жылдары оралдық оқушылардың ІТ саласына, робототехникаға деген қызығушылығы артып келеді. Қазіргі уақытта «Оқушылар сарайындағы» үйірмеге 60 өрен қатысып жүр, – деп хабарлады қалалық білім беру бөлімінің баспасөз қызметі.

Қазақстандағы алғашқы және ірі робототехникалық жоба, сонымен қатар техникалық шығармашылық пен жаңа технологиялардың ең ауқымды форумы саналатын «ROBOLAND» фестиваліне биыл еліміздің әр өңірінен және Греция, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан мемлекеттеріне жалпы 300 команда қатысқан. Балалардың шығармашылық деңгейін анықтау, бағдарламалау тілін меңгерту мақсатындағы фестиваль биыл 16 санат бойынша өткізілген.

Ләззат ҚАЖЫМОВА, БҚО, Орал қаласы
10.11.2022

Ұқсас жаңалықтар

Балалар суицидінің алдын алу жолдары
Шаргүл ҚАСЫМХАНҚЫЗЫ - 28.03.2026 82
Ақ пен Қараның тайталасы
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 27.03.2026 128
Жер қатынастары  жүйесі нені реттейді?
Шаргүл ҚАСЫМХАНҚЫЗЫ - 27.03.2026 78
Кешеннің негізгі мәселелері
Шаргүл ҚАСЫМХАНҚЫЗЫ - 27.03.2026 79

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 24058
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 23727
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 41208
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 37133
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 41391