Оралдағы кітапханалар жүйесінің №6 кітапхана ғимаратында БҚО бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің пробация қызметінің есебінде тұрған жасөспірімдерге арналған шара өтті.
«Кітап — таусылмас қазына» атты танымдық шараның мақсаты — жеткіншектер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу және оларды заңды құрметтеуге шақыру, дұрыс жолға түсуге және қоғамға пайдалы тұлға болып қалыптасуға ықпал ету.
Шараға «бас бостандығынан шектеу» жазасымен пробация қызметінің есебінде
тұрған жасөспірімдер қатысты.
Басқосу барысында кітапханашы Б.Жолтаева кітапхана тарихымен таныстырып, қатысушылардың кітапқа деген қызығушылықтарын оятып, оның адам өміріне пайдасын насихаттады. Ал Орал қалалық полиция басқармасының Абай Пб-нің ЖПҚ Ювеналдық полиция тобының учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Б.Джетписбаев, БҚО бойынша ҚАЖД ПҚБеБ-нің инспекторы, әділет аға лейтенанты С. Джумагазиев қылмыстық және өзге де құқықбұзушылықтарға жол бермеуге шақырып, ондай жағдайда Заң бойынша жауапкершілік бар екенін түсіндірді.
Қатысушылар шарадан өздеріне қажетті мәдени, рухани күш алғандарын айтып, осындай кездесулер жиі өткізіліп тұрса деген тілекпен тарқады.