«Жастар рухы» –болашақтың айнасы

«Жастар рухы» –болашақтың айнасы

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі, «AMANAT» партиясы, «ЕлАна» сайты, «Мөлдір бұлақ» журналымен бірлескен «Qazaqstan dauiri» газетінің «Ел аманаты: Ауыл – ел бесігі» атты экспедициясы Шымкент қаласында

Жастар – қоғамның қозғаушы күші, егемен еліміздің ертеңі. Сондықтан Әділетті Қазақстанды құру ісінде өскелең ұрпақ айрықша орын алады. Тең мүмкіндік, әділдік, ашықтық ұғымдары ең алдымен жас буынның кедергісіз келешегін қалыптастыруға негізделген. Бұл ретте ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Qazaqstan dauiri» газеті мен «Мөлдір бұлақ» журналының директоры, Сәуле Мешітбайқызы Шымкент қаласының «Жастар рухы» жастар қанатының белсенді жастарымен кездесті. Еркін сұрақ-жауап форматта өткен кездесуге жоғары оқу орнының студенттері мен мектеп оқушылары қатысты. Кездесу барысында көптеген жастарымызға ой саларлық сүбелі әңгімелер айтылды. Көзі ашық, көкірегі ояу азаматтар елді алға бастайтыны сөзсіз, ал ондай жастар кітап оқу, газет, журнал оқудан туады. Сонымен қатар бүгінгі қоғамда жастар арасындағы өзекті мәселелерге тоқталып, ұлттық құндылық, мемлекеттік тілдің дамуы, әлеуметтік желіге тәуелділік, құмаройын, гендерлік саясат, ЛГБТ  сынды тақырыптарда пікірталас жүргізілді. Сондай-ақ «Жастар рухы» жастар қанаты Шымкент қалалық филиалының төрағасы Ердәулет Асқарұлына «Qazaqstan dauiri» газетінің кітапханасынан шыққан «Ұлт шырағы» атты мерейтойлық кітапты сыйға тартты. Іс-шара соңында Сәуле Мешітбайқызы: «Мағжан сенген жастарға менде сенемін!» деп, аналық үлкен жүректің нұрымен жастарымыздың болашағы жарқын, жолдары ашық, рухты жастар болуы үшін өз батасын берді. Осылайша «Аmanat» партиясының шақыртуымен Сәуле Мешітбайқызы Шымкент қаласының белсенді жастарымен сүбелі кездесу өткізді. Алайда Оңтүстік өңірдегі 3 күндік сапарымызда Шымкент қаласының әкіміне кіре алмадық. Халық қызметшісі Мұрат Әйтенов бұл тұста үн-түнсіз жауап қатпады. Әділетті Қазақстанда бұндай әкімдермен біз қайда бармақпыз?.. Өңір басшылары себепті жағдайлармен қалада болмағынымен  «АMANAT» партиясының ұйымдастыруымен экспедициямыз сәтті аяқталды.

Рауан МУТАИР
22.12.2022

Ұқсас жаңалықтар

АГРАРЛЫҚ ӨҢІРДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ, Жамбыл облысы - 03.10.2025 40
БИЛІКТЕГІ АУЫС-ТҮЙІС ХАЛЫҚҚА НЕ БЕРЕДІ?
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 02.10.2025 50
БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 363
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 207

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18267
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18124
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33313
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31867
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35602