«Жасыл Астана» экологиялық айлығы жалғасады

«Жасыл Астана» экологиялық айлығы жалғасады

Астанада дәстүрлі «Жасыл Астана» экологиялық айлығы аясында 8 сәуір мен  6 мамыр аралығында сенбіліктер, жаппай ағаш отырғызу және басқа да қаланы абаттандыру жұмыстар жүргізіліп жатыр. Коммуналдық қызметтер күн жылып, қар ерігеннен кейін қаланы жаймашуақ жаздың жайдары мерзіміне лайықтап тазалап, жасыл желекке айналуына және қоршаулар мен ескерткіштерді, тіпті шағын сәулет нысандарын жуып, жарқыратып қояды.

29 сәуір күні қалада жалпықалалық сенбілік ұйымдастырылды. Қалалық сенбілікке Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып, елордадағы желілік саябақта ағаш отырғызды. Президент сенбілік барысында волонтерлермен және студенттермен әңгімелесіп, «Қазақстан – біздің ортақ үйіміз. Сондықтан үйімізді таза ұстауымыз керек. Ағаш отырғызып, көшелерді тазалауымыз керек. Бұл – біздің азаматтық борышымыз. Бізде басқа ел жоқ. Сондықтан бәріңді жауапкершілігі мол азамат болуға шақырамын. Баршаңызға, әсіресе, волонтерлерге алғыс айтамын!» – деді. Сонымен қатар Президент елорданы көгалдандыру және абаттандыру  жоспарымен танысты.

Жалпықалалық сенбілікке 62 мыңнан астам адам – еңбек ұжымдары, мемлекеттік органдардың қызметкерлері, бизнес өкілдері, еріктілер, жастар, қоғам қайраткерлері, спортшылар, әртістер, басқарушы ұйымдар және қаланың белсенді тұрғындары қатысты. Қала тұрғындары бүкіл кіреберістер мен өз аулаларын, қаланың барлық дерлік аумағын тазалауға атсалысты. Қаладан 800 тоннадан астам қоқыс шығарылды. Жалпы ауданы 4 млн шаршы метр болатын саябақтар мен скверлер тазартылды. Барлығы 8 мыңға жуық жасыл желек отырғызылды. 6 мамырға дейін қалада шағын сенбіліктер, тазалық жұмыстары, ағаш отырғызу секілді экологиялық абаттандыру жұмыстары жалғасады. 

ТІЛЕКГҮЛ ЕСДӘУЛЕТ
04.05.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 78
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 600
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 717
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 629
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 639

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8776
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8176
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11405
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9159
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10390