“Жасылелділіктер”-игі бастаманың жаршысы

“Жасылелділіктер”-игі бастаманың жаршысы

 

Оралда «Жасыл ел» жастар еңбек және құрылыс жасағының кезекті маусымы биыл да жалғасын табуда.  

Он сегізінші еңбек маусымына кіріскен «жасылелдіктер» шаһарды көгалдандыру, құрылыс-жөндеу шараларына үлес қосу секілді жұмыстар атқаруда. «Жасыл ел» қатарында еңбек етіп, жазғы демалыстарын тиімді өткізетін оралдық жастардың қатары да артып келеді. «Жасыл ел» жастар еңбек және құрылыс жасақтарының БҚО бойынша штабының жетекшісі Берман Исаевтың мәліметінше, Орал қаласы бойынша биылғы маусым айында – 99, ал шілде айында 116 адам еңбек және құрылыс жасағына жұмысқа тартылыпты. Ал алдағы тамыз айында 85 жасты уақытша жұмысқа орналастыру жоспарланған. Облыс орталығындағы «Жасыл ел» сарбаздары Деркөл және Зашаған кенттеріндегі, сондай-ақ №20 ЖОББ мектебі аумағындағы саябақтарды абаттандыру, көгалдандыру, қалыпқа келтіру жұмыстарымен айналысуда.  

Қаладағы іргелі жоғары оқу орындарының бірі – Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде «Жасыл ел» жобасы аясында жастарды өндірістік тәжірибеден өткізу, жұмыспен қамтамасыз ету дәстүрлі түрде жүзеге асырылып келеді. Осы оқу орнының студенті Әсел Мұхтарова биыл екінші жыл қатарынан «Жасыл ел» қатарында еңбек етіп, табыс тауып жүргенін айтты. – Менің болашақ мамандығым «құрылыс инженериясы» саласымен байланысты. «Жасыл ел» қатарында жұмыс жасай жүріп, өз мамандығым бойынша тәжірибе жинақтаудамын. Уақыт та қызықты өтуде. Жастарға арналған бұл бағдарламаның пайдасы мол. Жазғы уақытта еңбек етіп, қаражат жинақтап, ата-анама көмегімді тигізіп жүргеніме қуаныштымын, – деді «Жасыл ел» сарбазы. 

Жастарды еңбекке баулу, экологиялық тәрбие беру, қоршаған ортаны таза ұстауға бағыттау мақсатындағы жоба жас буынды жарқын істерге жұмылдырып келеді.

 

Ләззат ҚАЖЫМОВА БҚО Орал қаласы
27.07.2022

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 323
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 168
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 469
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 316

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18233
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18094
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33281
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31832
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35540