Жазда қай курортқа барасыз?

Жазда қай  курортқа барасыз?

Жуырда Ақмола облысының курортты аймақтарының жазғы маусымға дайындығы туралы облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы басшысының орынбасары Андрей Подгурский өңірлік коммуникациялар орталығында хабарлама жасады. Андрей Подгурский сөз басын өңірдегі туризим нысандарын таныстырудан бастады. 

 

Өңірде 600-ден астам туризм мекемелері бар

Ол сөзінде: – Өңірде 600-ден астам туризм саласына жататын мекемелер  бар. Оның 341-і орналастыру нысандары, 12 сауықтыру-курортты мекемелер, 207-сі жол бойында қызмет көрсету нысандары, 34 туристік фирмалар, 3 «Көкшетау», «Бурабай», «Бұйратау»  мемлекеттік ұлттық табиғи парктері және Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы. Саяхаттап, демалушыларға 900 мәдени-тарихи ескерткіштерді тамашалау ұсынылады. Облыста 73 туристік маршрут жұмыс істейді, оның ішінде Көкшетау, Бурабай, Зеренді, Қорғалжын және Ерейментау аудандары мен Біржан сал ауданының тарихи және киелі орындары қамтылған. Коронавирустық пандемияның туризм саласына тигізер теріс әсеріне қарамастан, аймаққа 2021 жылы 600 мыңнан астам адам келіп, өткен жылдардағы туристік сапарлардың деңгейін сақтап қалды. Статистика органдарының алдын ала деректеріне сәйкес, ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында Ақмола облысы бойынша қызмет көрсетілген келушілер саны 317,8 мың адамды құрады, оның ішінде орналастыру орындарында тоқтатылғандар саны – 55,6 мың адам. Орналастыру нысандары 1,9 миллиард теңге сомаға қызметтер көрсетті, бұл өткен жылғы көрсеткіштерден 55,8 пайызға жоғары. Мемлекет назарына Қазақстанның інжу-маржаны «Бурабай» жыл сайын жаңа жарқын «фишкаларға» ие болуда. Бұл, ең алдымен, курорттың бірегей жерлеріне тек отандық ғана емес, сонымен қатар шетелдік туристерге де кеңінен қол жетімділікті ашатын инфрақұрылым. Қазақстандағы алғашқы ашық аспан астындағы «Ботай- Бурабай» этнокешені ерекше қызығушылық тудырады, ол Қазақстан даласында жылқының қолға үйретілуінің ежелгі тарихын ашады. Әлемде баламасы жоқ «Бурабай» халықаралық трамплин кешені де демалушылар үшін қызықты. «Абылайхан» экспозициялық кешені бүгінгі күні туристерді тартатын жаңа орынға айналды, сондай-ақ айналасында аттракциондары бар шолу дөңгелегі, «Discovery» аумағында іске қосылған аквапарк бар. –

Өңірдің ішкі туристік келімі 1,0 миллион адамның үстінде. Тарқатып айтар болсақ, жергілікті орналастыру нысандарына тоқтаушылар-324,8 мың адам; сауықтыру-курорттық мекемелерінде демалушылар -27,2 мың адам; «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде келушілер-655,3 мың адам, «Көкшетауға» түсушілер-22,3 мың адам, «Бұйратауға» ат шалдырушылар -2,0   мың адам.

Келушілерді қабылдайтын барлық орындардың жалпы саны 341 нысан. Қызмет көрсету ауқымы өткен жылмен салыстырғанда  64 пайызға өсіп, 10,5 миллиард теңгені құрады.Курортты аймақта қонақтарды орналастыру орындары өткен жылға қарағанда 11,5 пайызға өсіп, қызмет көрсету көлемі 9,1 миллиард теңге болды.

Щучье-Бурабай курортты аймағы еліміздің туристік мүмкіндігін жүзеге асыратын, Қазақстанның ең тартымды 10  туристік нысандары қатарына кірген өлке.2022 жылы Щучье –Бурабай курорттық аймағында туристерді орналастыру нысандарының саны 189, оларда 3233 бөлме, 8584 кереует-орын болмақ. Қазірдің өзінде жазғы маусымда 1 миллион адамға дейін қабылдауға мүмкіндік бар.  

Щучье-Бурабай курорттық аймағында инженерлік құрылыс және жол инфрастуртурасы Жоспарының үшінші кезеңі жүзеге асырылуда. Облыстық әкімшілік  46,7 миллиард теңгелік 27 жұмысты орындамақ. Бүгінгі таңда 8,1 миллиард теңгеге 11 жұмыс атқарылған. 16 жерде жұмыс жүріп жатса, 1 жоба қаражаттандыруды қажет етпейді.

Жобаны жүзеге асыру барысында 49 шақырым жол салынып және жөнделген, 262, 5 шақырым  су желісі тартылған. Жазғы маусымға дайындық  мақсатында жергілікті атқарушы органдар да бірқатар жұмыстар атқаруда.Мысалы, Бурабай кентіндегі орталық алаң мен Кенесары көшесінің архитектуралық көрінісін жақсарту жоспарланған. Щучинск қаласында аялдамалық павильондар орнатылып, темір жол вокзалының  алаңы жаңарады..

Жол картасына сәйкес полиция Департаменті ұйғарымымен Бурабайда 5 полиция қызметкері тәптіпті қадағаламақ. Олар қажетті техника және құрал-жабдықтармен қамтамсыз етілген. Сондай-ақ, 61 кәсіби құтқарушы, 4 құтқарушы бөлім, суға сүңгу-құтқару бөлімшесі қызметке  дайын.  

Баяндамашы өңірдегі курорты аймақтың бірі Зеренді ауданындағы  демалыс орындарында атқарылған жұмыстарға, жазғы маусымға дайындық барысына да кеңінен тоқталды. Зеренді курортты аймағын жетілдіру үшін 2025 жылға дейінгі кешенді жоспар бекітіліп, 2025 жылға дейін 14,1 миллиардқа 45 жерде жұмыс жүргізілмек. «Зеренді кенті өлкетану музейінің құрылысы» салыну жоспарланған. Туристер аралап, баратын орындарға суретке түсуге қолайлы орындар жасақталып, ақы төлеу терминалдары орнатылып, абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, көрсеткіш тақталар орнатылған. Үлгілі  сарқырамасы маңайын  да абаттандыру қолға алынған. Баяндамашының хабарынан өңір туристік әлеуеті жайлы  бізден қосар мәлімет мынадай:

 

Абаттандырылған демалыс орындар

Курорттық әлеуетті дамыту үшін Зеренді курорттық аймағын дамытудың 2025 жылға дейінгі жоспары өңірлік деңгейдегі бағдарламалық құжат қабылданған. Сондай – ақ, Елорда маңындағы туризм аймағы (Ақкөл, Аршалы, Ерейментау, Қорғалжын, Целиноград, Шортанды аудандарындағы демалыс күнгі туризм) және Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы (экологиялық және ғылыми туризм) ерекшеленеді. Елорда маңындағы аудандардың аумағында 642 миллион теңге инвестиция сомасына бес жобаны іске асыру басталды, оның ішінде 20 глэмпинг орнату, «Эко ферма» құрылысы (Ақкөл ауданы), «Таза бұлақ» демалыс аймағының өндірістік қуатын кеңейту және жол бойындағы сервис нысанның құрылысы (Целиноград ауданы) бар. Мұнда туризм қызметтерін ұсынатын абаттандырылған демалыс аймақтарының желісі жұмыс істейді, оның ішінде «Бейбарыс» демалыс базасы (Аршалы ауданы), «Family Garden» демалыс аймағы (Ақкөл ауданы), «Алтын қырғауыл», «Балқарағай», «Green Park» демалыс орталығы (Целиноград ауданы) және басқалары бар. 

Егер сізге  Ақмола облысындағы демалыс орындары туралы ақпарат қажет болса  мына жарнамалардан ала аласыз.– Өңірдің туристік өнімін ілгерілету шеңберінде күн сайын әлеуметтік желілерде (Instagram, Facebook) Ақмола облысының туристік өнімдерін ілгерілетуге бағытталған жарнамалық графикалық контент орналастырылады. Ақмола облысының туристік әлеуеті туралы жаңартылған 3-тілдік (қазақ, орыс, ағылшын) сайт жұмыс істейді ( www.visitaqmola.kz). Өңірді елге танытып бренд болып тұрған «Ботай қонысы» жайлы қысқаша тоқталған жөн сияқты. 

 

Бурабай баурайындағы «Ботай» музейі

 

Бүгінгі күні «Ботай қонысы», «Ботай мәдениеті» ежелгі көшпенділер  өркениеті – Қазақстанның брендіне айналды десе артық емес. Ботай қайдан шықты, қалай пайда болды? Мәселені осыдан бастайық. Ботайды алғаш тарих пәннің қарапайым мұғалімі сол ауылдың тумасы  Есіләмбек Зікірияұлы елеусіз жүріп,  саяхатқа қызығушылығының арқасында табады. Ол туған ауылының іргесіндегі Иман-Бұрлық өзенінің жағалауында шәкіртерімен бірге  жиі экускурсия жасайды екен. Саяхаттап жүріп  өзен жанында шашылып жатқан сүйектердің сырын білуге құмартып, табылған бұйымдарын Көкшетаудағы өлке тану музейне апарып тапсырады. Бұйымдар мұражайда  10 жылға жуық уақыт тұрса да,оған ешкім қызықпайды.  Маманы археолог Петропавл педагогикалық институтының мұғалімі Виктор Зайберт, бұл жәдігерлерге назар салады. Бұл  1980-ші жылдар екен.  Бұйымдардың  қайдан келгенін сұрастыра келе олардың Никольское ауылынан табылғанын біліп, тарихи орынды өз көзімен көріп, ғылыми тұрғыдан зерттеуге кіріседі. Міне осылай – Ботай қонысы зертеліп, әлемге танылады. Жалпы аумағы 15 гектар жерді алып жатқан ежел¬гі адамдар қонысынан 150-ден ас¬там үйдің орны табылған. Ғалымдар ежелгі тұрғынжайларды қазып, қайта тұрғызуға мүмкіндік алған. Ежелгі тұрғынжайлардың қабырғасының ені бір метр шамасында, ал, биіктігі 70-90 сантиметр мөлшерінде. Қабырға периметрлері бойынша бөренеден өрілген, түтін шығатын шаңырақ пішіндес тесік жасалған. Кәдімгі қазақтың киіз үйлеріне ұқсайды. Осы жерден ежелгі адамдардың құрал-жабдықтары, ыдыс-аяқтары, кәдімгі тастан жасалған жебе, садақ, қанжар, пышақ тәрізді аңшылық қарулары табылған.

Сонымен қатар осы жылдары сыйымдылығы 0,2-0,3 және 20-39 литр болатын қыш ыдыстар және 200 мыңнан астам әртүрлі артефакті табылса, осылардың 80 пайызы – тас құралдар. Жылқының астыңғы жақ сүйегінен жасалған қол орақтар мен шағын шалғылар, ағаш өңдейтін үскілер, киім тігетін тебен инелер, тері сылатын қырғыштар және 44 дана ою салған бұйымдар табылған екен.  

Сол әлемге танылған – Ботай қонысы  Солтүстік қазақстан облысы Айыртау ауданның аумағында туристер баруға қиыр шет болғандықтан, оны тамашалаушыларға жақындату үшін Бурабай бауырына 2018 жылы көшірме нұқсасын әкеліп орналастырған болатын. Бурабай баурайындағы Ботай қонысының бар көне бейнесін баяндайтын мұра¬жай жеті тұрғынжайдан тұрады. Ежелгі адамдар қонысында әулеттің ота¬ғасы жайғасатын салтанатты жай, ас үйі, қымыз баптайтын, құрал-жабдықтар мен қару-жарақтарын қоятын қойма іспеттес бөлмесі болған екен. Мұның барлығы қиял-ғажайып дүниелер емес, ғалымдардың нақты болжамдары бойынша дәлелденген жайлар. Жерді орлап қазып, оқтай түзу бөренеден өріп, іші-сыртын майлы балшықпен сылап көтерген тұрғынжайлар жазда кәдімгідей қоңыр салқын, қыста құрқылтайдың ұясындай жып-жылы болса керек. Әр бөлмеде Айыр¬таудағы ежелгі қоныстан табыл¬ған жәдігерлер хатталған. Сол қымбат жәдігерлерге қарап, осыдан алты мың жыл бұрын  дала халқы  қандай затты тұтынғанын аңғаруға болады.

Келушілер Бурабай баурайына көшірілген Ботай мәдениетінің жауһар жәдігерлерін, көне мекеннің көмескі тартып барып қайта жаңғырған сұлбасын аралап көріп, таң-тамаша болып жүр. . Жеті бөлмелі қоныстың бір бөлмесі діни дәстүр мекенжайы екен. Сол жерден табылған адамның бас сүйегінің ДНК-сы қазіргі Қостанай өңірін мекендеген жергілікті жұртқа сәйкестігі айтылады. Қысы-жазы келушілерден бір арылмайтын Бурабайдың баурайындағы ежелгі адамдар мекені жалпақ жұрттың рухани жан дүниесіне өз үлесін қосып, өткеннің тарихын ұғындырып туристердің қызығушылығын оятып тұр.  

Ботай Қазақ елі үшін ежелгі адамдар қонысы ғана емес тасқа қашалған  тарихымызды төрткүл дүниеге паш еткен  құнды ескерткіш, ел тұтқасының тамаша көрінісі.  Ботайда табылған археологиялық жәдігерлер саны 120 мыңнан асқан. Ол тарихи орын бүгінгі күні Ботай қазақ  археологиясының бренді айналды. Ол жәдігерлі Қазақтың кең даласы  Сарыарқаның  төсінде табылған  – Ботай қонысы  қазақ тарихына даңғыл жол салды. Оны әлемнің төрт бұрышынан келген жиһанкездер тамашалап жүр. 

 

Дахан Шөкшир, Ақмола облысы
26.05.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 75
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 597
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 714
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 626
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 636

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8770
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8170
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11399
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9153
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10384