ЖЕЛТОҚСАНДА КАЗАРМАҒА ҚАМАЛДЫҚ

ЖЕЛТОҚСАНДА КАЗАРМАҒА ҚАМАЛДЫҚ

1986 жылы 16 желтоқсан күні таңертең сағат 10-ға таман барлық көркемсурет училищесінің студенттері мұғалімдерімізбен алаңда болдық. Сол уақытта жиналған адамдар көп болды. Түнімен от жағып, таңға дейін жүрдік. Сосын алаңға жастар, үлкен кісілер кеп тола бастады. Бәріміз тәуелсіздік үшін күресіп, өз үнімізді білдірдік. 17 желтоқсан күні темір машинамен бәрімізді ұстап әкетті. Қаланың шет жағында орналасқан казармаға әкеп қамады. Күнде тергеу, ұрып-соғу... Сол күндерді еске алсам, жүрегім ауырып, көзіме еріксіз жас келеді. Кешегі қаңтар оқиғасына қатысқан батырларымыз да еліміз үшін өз үндерін білдіріп, алаңға шықты. Қазір ту ұстаған ержүрек Берік Әбішев туралы картинаны жазу үстіндемін. Алла қаласа алдағы уақытта көріп қаларсыздар. Қазақтар елінің тəуелсіздігі қанмен келді, қаншама замандастарымыз қыршын кетіп, шейіт болды. Ауру-сырқау, мүгедек болып қалғандары қаншама. Желтоқсан мен Қаңтар көтерілісінің батырларын біз ұмытпаймыз, мәңгі есімізде! Тəуелсіздігіміз мəңгілік, мемлекеттік тіліміз – қазақ тіліміз жасай берсін. Алты алашым, сақ ұрпақтары Алламның қорғауында болсын, шекарамыз берік болсын. Ел аман, жұртымыз молшылықта өмір сүрсін! Әмин!

Шаргүл ҚАСЫМХАНҚЫЗЫ
12.01.2023

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 856
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 6926
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 10764
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 6998
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7138