Жеңіл атлетикадан еліміздің шығыс өңірінің мектебінің түлегі Арина Гладышева Кувейтте өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды. Арина 3000 метр қашықтықта барлық қарсыластарын басып озып, бас жүлдені еншіледі. Осылайша, өскемендік 16 жасар жеңіл атлет Қазақстан жасөспірімдер құрамасының қоржынын Азия чемпионатының екінші алтын медалімен толықтырды. Бұған дейін құрама қоржынына алғашқы алтынды Сабрина Арзиева салған-ды. Ол 5000 метрге жаяу жүрісте басқалардан мықтылығын көрсеткен болатын. Спортшымызға жеңіс әкелген нәтиже – 27: 35.44.