Жеңілістен көз ашпаған Ұлттық құрама

 Жеңілістен көз ашпаған   Ұлттық құрама

Футболдан Магомед Адиев баптайтын ұлттық құрама Ұлттар лигасында Әзербайжан құрамасынан 0:3 есебімен ұтылса, бұдан кейін Ташкент қаласындағы «Пахтакор» стадионында Өзбекстан құрамасымен өткен жолдастық кездесуде қарсыластарына 2:0 есебімен есе жіберді. Бұл кездесудегі доптарды 12-минутта Ходжимат Эркинов,  45-минутта Элдор Шомуродов соқты.  

Қазақстан құрамасы Біріккен Араб Әмірлігі құрамасымен өткізген жолдастық кездесуде де жеңілістің ащы дәмін татты. Ойынды БАӘ ойыншылары белсенді бастап, нәтижесінде 13-минутта Фабио Лима есеп ашты. Екінші кезеңде қазақстандық футболшылар белсенді қимыл көрсетті. Сөйтіп, ойынның 62-минутында ел құрамасынан Абат Айымбетов көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ. Бірақ Фабио Лима 71-минутта қайтадан БАӘ құрамасын алға шығарды. Осылайша қазақстандық футболшылар қарсыласынан 1:2 есебімен жеңіліп қалды. Енді Қазақстан құрамасы алдағы ойынын 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу сатысында 2023 жылдың 23 наурызында Словения құрамасына қарсы өткізеді.

Ермек Сахариев
28.11.2022

Ұқсас жаңалықтар

АҚТӨБЕДЕ – АУЫЛДЫҢ ЖҮГІ, «AQTOBE»-ДЕ  – ДӘУІРДІҢ ҮНІ
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының бас редакторы - 22.10.2025 183
Теріскейдегі жылы жүздесулер
Нұрсайын Шәріп - 16.10.2025 403
Қамбасы дәнге толған Ақмола
Д. ШӨКШІР, Ақмола облысы - 16.10.2025 413

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 19072
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18933
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 34090
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 32648
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 36457