Жеңіс Қасымбек «Қазақмыс» жұмысшыларымен және Жезқазған тұрғындарымен кездесті

Жеңіс Қасымбек «Қазақмыс» жұмысшыларымен және  Жезқазған тұрғындарымен кездесті

 

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек "Қазақмыс" корпорациясының қызметкерлерімен, сондай-ақ кәсіподақ өкілдерімен кездесті. Оларды компанияның дамуы мен әлеуметтік қамсыздандырылуы ғана емес, Жезқазған алдағы жылдары қалай өмір сүретіні және дамитыны алаңдатты.

Кәсіпорынның жұмысы және әлеуметтік міндеттемелер туралы "Қазақмыс" корпорациясы" ЖШС Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Андрей Гайдин айтып берді.

Оның айтуынша, бірнеше рет ұжымдармен кездесулер өткізілді, онда қызметкердің бірде-бір мәселесі назардан тыс қалған жоқ.

– Біз үшін корпорацияның тұрақты жұмысы, еңбек қауіпсіздігі, қызметкерлердің әл-ауқатын арттыру маңызды. Еңбек ұжымдары көтерген мәселелердің көпшілігі ұжымдық шарттың талаптарына кіреді, – деп атап өтті Жеңіс Қасымбек.

Әлеуметтік сипаттағы мәселелерге келетін болсақ, өңір басшысы Жезқазған әкіміне медицинаны дамытуға, абаттандыруға және халықты жұмыспен қамтуға ерекше назар аударуды тапсырды.

Жұмыс сапары барысында Жеңіс Қасымбек қала активімен және жұртшылықпен кездесіп, азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Жезқазған әкімі Қайрат Әбсаттаров экономиканы әртараптандыру жобалары туралы айтып, Жезқазғанды дамыту жоспарларымен таныстырды.

Биыл қалада "Қазақмыс" корпорациясы" ЖШС қара мыс концентраттарын гидрометаллургиялық өңдеу тәжірибелік зауытын іске қосу жоспарлануда. "Қазхимсинтез" ЖШС өнеркәсіптік реагент шығаратын химиялық зауыт және "Kaz Green Energy" ЖШС биоэлектростанциясы салынуда.

– Осы үш ірі жобаны іске асыру 320-дан астам жұмыс орнын және өнеркәсіптік өндірістің өсуін қамтамасыз етеді. Инвестициялар 17,6 млрд теңгені құрайды, – деді Қайрат Әбсаттаров.

Әлеуметтік инфрақұрылымды да дамыту жоспарлануда. Дарынды балалар оқитын "Өркен" мектебі жанынан 200 орындық жатақхана салынады. Бұл ауылдан оқушыларды көбірек қабылдауға мүмкіндік береді.

Қала билігі Қабанбай батыр шағын ауданын дамыту көзделуде. Мұнда жергілікті билік жаңа мектеп салуға уәде береді.

Жезқазғанда жолдарды жөндеу жұмыстары да жалғасады. Биыл сегіз көшені қамту жоспарлануда.

Жыл соңына дейін алты үй пайдалануға берілуі тиіс, олардың екеуі коммерциялық үйлер. Осылайша, 224 отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етіледі.

Сондай-ақ, биыл Президенттің тапсырмасы бойынша Үйтас-Айдос суағарын қайта жаңарту басталады.

Облыс әкімі проблемалық нысандар – дене шынықтыру-сауықтыру кешені мен 320 орындық балабақшаның құрылысын аяқтау жөнінде тапсырма берді.

Жомарт Шаймұрат
04.02.2022

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 149
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 60
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 185
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 55
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 182
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 48
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 149
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 296
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 294
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 510
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 467

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9167
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8565
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11793
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9561
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10773