Спорт күні қарсаңында Қарағанды облысыныңәкімі сурдлимпиадашылармен және олардыңжаттықтырушыларымен кездесті. Біздің төртспортшымыз Бразилияда өткен жазғыСурдлимпиада ойындарында таеквондодан қоламедаль жеңіп алды.
Жүлдегерлер Аян Әбдіраш, Нұрдәулет Жақып, Виктор Фрундин, Айжомол Әбдікатова болды.
27 жастағы Аян Әбдіраш 9 жасынан бастапспортпен шұғылданады. Оны спорт секциясынаанасы алып келген.
– Мен команда капитаны болдым. Бұл елімніңжәне спорттағы әріптестерім алдында үлкенжауапкершілік. Мен үшін бұл үшіншіСурдлимпиада ойындары. 18 жасымдаБолгариядағы алғашқы Сурдлимпиядаға қатыстым. Ол кезде мен бесінші орын иелендім. 2017 жылымен Түркияда өткен Сурдлимпиада ойындарындаөнер көрсеттім. Чемпион атандым. Биыл қоламедаль жеңіп алдым. Енді Азия чемпионаты мен кезекті Сурдлимпиада ойындарына тыңғылықтыдайындаламын, – деді Аян Әбдіраш. – Мен біздіңжаттықтырушыларымызға олардың бізді шыңдаудакөрсеткен шыдамдылығы мен еңбегі үшін ризамын.
Жеңіс Қасымбек ойын жүлдегерлерініңтәлімгерлері – Қазақстанның еңбек сіңіргенжаттықтырушылары Руслан Ищанов пен ХабдуллаТөлегеновтың жұмысын алғыс хаттармен атап өтті.
– Мемлекет Басшысы Қасым-ЖомартТоқаевтың ерекше қолдауының арқасында еліміздекөптеген спорт түрлері жақсы дамып келеді. Салауатты өмір салты насихатталады. Сіздердіңалдарыңызда үлкен міндет тұрды – өздерңіздіңспорттық жеңістеріңізбен қазақстандық спорттыңәлеуетін дәлелдеу керек болды. Осындай маңыздыхалықаралық жарыстардың жүлдегерлері атанып, үздік нәтиже көрсеттіңіздер, – деп атап өтті облысәкімі.
Сондай-ақ, кездесу барысындасурдлимпиадалық спорт түрлерін дамытумәселелері мен әлеуеті талқыланды. Спортшылардың жаттықтырушылары қарқындыжаттығуларға арналған өз алаңдары жоқ екенінайтты. Аймақ басшысы спортшыларға олардыңпроблемаларын шешуге көмектесуге уәде берді.
– Біз қазір ITF таэквондо мектебіндежаттығамыз. Онда біз 20 жыл бойы жаттықтық. Бізге кілем жабының жаңарту қажет, бағалаудыңжаңа электрондық жүйесі қажет, – деп атап өттіРуслан Ищанов.
XXIV жазғы Сурдлимпиада ойындарында өнеркөрсеткеннен кейін Аян Әбдіраш, НұрдәулетЖақып, Виктор Фрундин, Айжомол ӘбдікатовағаҚазақстанның еңбек сіңірген спорт шеберлеріатағы берілді.
Қарағанды облысының билігінен олар қолжеткізген нәтижесі үшін 1,5 млн теңге мөлшеріндебіржолғы төлем алды. Сонымен қатар, әрспортшыға ай сайын 800 мың теңге көлеміндестипендия беріледі.