Жеңіспен оралды

Жеңіспен оралды

Биылғы жылдың 24-28 ақпаны аралығында Қызылорда облысының Арал қаласында волейболдан спорт ардагері Асхат Ахановты еске алуға арналған республикалық турнир өтті. 2009-2010 жылдары туған жасөспірімдер арасында өткен айтулы додаға біздің ауданымыздың ұлдар және қыздар командасы қатысты.

Республикамыздың ең мықты деген 24 командасы қатысқан жарыс аса тартысты өтті. Онда Байзақ ауданының намысын қорғаған қыздар командасы жүлделі орыннан көріне алмады. Ал керісінше № 8 облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушылары Рауан Мұрат пен Бақтияр Сәрсенғалиұлы дайындаған ауданның ұлдар командасы бірнеше қарсыластарын жеңіп, тек соңғы шешуші сәтте ғана Ақтөбе қаласының «Ақтөбе-Алихан» командасымен кездесуде жеңісті қолдан сусытып алды. Сөйтіп, олар жүлделі екінші орынды иеленіп, арнайы кубок, медаль, ІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды.
Командадағы Данияр Ерболұлы, Нұралы Нурұлла, Бекзат Қастай, Абай Асықбек тәрізді ойыншылар команданың жүлделі орыннан көрінуіне көп үлес қосты. Республикалық жарыста екінші орынды иелену үлкен жетістік. Ендеше өз жас спортшыларымызға алдағы уақытта да спорттық жарыстарда жоғары биіктен көрініп, аудан абыройын асқақтата берулеріне тілектеспіз.

Мұхтар Манекеев
28.03.2023

Ұқсас жаңалықтар

Түркістанда шөп орағы басталды
Жанысбек Арыстанбеков Әшір Бүркітбаев ауылы - 27.05.2023 88
АГРОСАЛАДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ
Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы - 27.05.2023 34
Әскери міндеттілермен кездесу
Қордай ауданының әкімдігі - 27.05.2023 71

Топ жаңалықтар

1
Шыңғысханның төр мен босағаны сынауы
Show more
- 2023-05-27 60
2
Қарағанды да бос орындар жәрменкесі өтті
Show more
- 2023-05-27 58
3
Оралдық оқушы республикалық білім додасында жеңімпаз атанды
Show more
Ләззат ҚАЖЫМОВА БҚО Орал қаласы - 2023-05-26 149
4
Жарты ғасыр тарихы бар - Маңғыстау газеті
Show more
Голрох Жеменей - 2023-05-25 308
5
Вейп пен электронды темекіге тыйым салу керек пе?
Show more
Нартай Сарсенғалиев, ФБ парақшасынан - 2023-05-23 490