Іздеу-құтқару топтары зардап шеккендердерді құтқару үшін күндіз-түні бір тынбай жұмыс істеуде.
6 ақпанда эпицентрі Кахраманмараш және 10 аймақты қамтыған жер сілкіністерінен кейін іздеу-құтқару топтары зардап шеккендердерді құтқару үшін күндіз-түні бір тынбай жұмыс істеуде.
Үйінді астынан құтқарылған жандар азда да болса адамдардың көңілін көтеруде. «Ғажайып құтқарулар» бүкіл Түркияны әсерлендіруде.
Газиантепте құлаған ғимараттың қирандылары астында қалған 40 жастағы Сибел Кая 170 сағаттан кейін құтқарылды.
Адьяманның Бесни ауданында 60 жастағы Эренгүл Өндер 166 сағаттан кейін, 10 жастағы Асима Балтажы Адьяманда 158 сағаттан кейін құтқарылды.