Жерді рәсімдеу қызметтерінің қолжетімділігі артты

Жерді рәсімдеу қызметтерінің қолжетімділігі артты

Халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы қызметтер қолжетімді бола түсті. Ал Батыс Қазақстан облысында коммерциялық қызметтер барлық ХҚО бөлімдерінде қолжетімді.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының БҚО филиалы баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған мекеменің коммерциялық қызметтері, соның ішінде жер учаскелерін рәсімдеу бұрынғыдан да қолжетімді бола түсті. 

Енді бұл қызметтер Қазақстандағы барлық халыққа қызмет көрсету бөлімдерінде көрсетілетін болады. Азаматтар өздерінің барлық өтінішін бақылау мен есепке алуды қамтамасыз ететін бэк-офистермен тығыз байланыста болмауы жаңалық болып отыр. Ал клиенттер үшін ХҚО-ға бару қызметті алудың қолжетімділігі мен жеделдігі есебінен қолайлы. Кез келген клиент өз қалауы бойынша жеке менеджердің көмегіне жүгіне алады. 

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жерге орналастыру жобасын әзірлеуден бастап жер учаскесіне акті дайындауға дейін құжаттарды рәсімдеудің толық циклін көрсетеді.

Жерді рәсімдеу бойынша көп сұранысқа ие қызметтер – жер жобаларын жасау, жер учаскелерінің шекараларын белгілеу, оларды көлденең және биіктікте түсіру, ауыл шаруашылығы жерлерін түгендеу, аэрофототүсірілім жұмыстары, жер-кадастрлық құжаттардың көшірмелерін беру және т.б. Бүгінде елімізде жер кадастры бойынша коммерциялық қызметтерді 253 ХҚО-да алуға болады. Қолжетімді коммерциялық қызмет көрсететін ХҚО-лардың толық тізімі gov4c.kz. ресми сайтында жарияланған. 

Батыс Қазақстанда коммерциялық қызметтер барлық ХҚО бөлімдерінде қолжетімді.

 

 

Ләззат ҚАЖЫМОВА Батыс Қазақстан облысы
13.07.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5539
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5687
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20657
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 19291
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22751