Жерге қатысты келісімшарттар мен лицензиялар қайта қаралуда

Жерге қатысты келісімшарттар мен лицензиялар қайта қаралуда

    Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр қатты пайдалы қазбалар мен көмірсутек шикізатының кен орындарын тексеру мәселесі жөнінде кеңес өткізді. Үкімет жер қойнауын пайдаланушыларға берілген келісімшарттар мен лицензияларды қайта қарау бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде. Осылайша, талдау барысында уәкілетті органдар міндеттемелерін дұрыс орындамай отырған қатты пайдалы қазбаларға қатысты 148 және көмірсутек шикізатына қатысты 27 келісімшартты анықтады. Тиісті Жол картасы аясында тоқтату туралы тиісті хабарламалар жіберілетін шарттар мен лицензияларды анықтау жоспарлануда. Осы жұмыстардың нәтижесінде кен орындары жаңа инвесторларға беру үшін аукционға шығарылады. Аукционда жер қойнауын пайдалану құқығын ұсыну барлық мүдделі инвесторлардың қатысуына тең мүмкіндік береді. Аукциондарды өткізу туралы ақпарат мемлекеттік органдардың республикалық баспа басылымдарында және интернет-ресурстарында міндетті түрде орналастырылады. Қабылданып жатқан шаралардың қорытындысы бойынша жер қойнауын пайдалану саласына, бірінші кезекте қатты пайдалы қазбалар кен орындарын игеру бойынша инвестициялар ағыны ұлғаяды. Үкіметтің осы бағыттағы жұмысы жалғастырылады.

Ермек САХАРИЕВ
21.02.2022

Ұқсас жаңалықтар

АГРАРЛЫҚ ӨҢІРДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ, Жамбыл облысы - 03.10.2025 188
БИЛІКТЕГІ АУЫС-ТҮЙІС ХАЛЫҚҚА НЕ БЕРЕДІ?
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 02.10.2025 202
БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 469
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 273

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18380
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18240
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33428
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31979
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35745