Жетісай қаласындағы Қ.Мұңайтпасов атындағы орталық стадионында Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының Жетісай аудандық №1 Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің футболдан ашық біріншілігі өтті.
Тұрар Рысқұловтың 130 жылдығы аясында «Біз – нашақорлыққа қарсымыз» ұранымен 2014-2015 жылы туылған жасөспірімдер арасында өткен турнирге көршілес аудан, қалалардан 10 команда қатысып, өзара мықтыларды анықтады.
Жарыс қорытындысы бойынша өзгелерден ептілігі мен ұйымшылдығын көрсеткен «Arman's akademi» футбол мектебінің командасы жүлделі ІІІ орынды иеленсе, Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының Жетісай аудандық №1 Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің құрамасы ІІ орынды еншіледі. Ал Кентау қаласының жасөспірімдер командасы І орынды иеленіп, жарыстың чемпионы атанды. Одан бөлек, үздік ойын өрнегін көрсетіп, көрермендердің ыстық ықыласына бөленген бірқатар ойыншы түрлі номинацияларға ие болды.