Жігіттер байқауда бақ сынасты

Жігіттер байқауда бақ сынасты
Талас ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімі­нің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйытқы болуымен Балалар өнер мектебінде «Жігіт жампозы» атты аудандық байқау өтті.
Сайысқа Қаратау қаласы мен ауылдық округтерден келген жас жігіттер қатысып, өзара бақ сынасты. Байқау барысында жалынды жігіттер 4 кезең бойынша сынға түсті. Атап айтсақ, таныстыру, «Жігітке жеті өнер де аз, жетпіс өнер көп емес» өнер сайысы, «Күш атасын танымас» спорттық сайыс, «Алғыр жігіт ақылына қарай іс-қылар» сұрақ-жауап сайысы.
Тартысты өткен байқау қорытындысы бойынша бас жүлдені Үшарал ауылдық округінен келген Еламан Шалбаев қанжығасына байлады. I-орынды Талапты ауылынан келген Данияр Баялы, II-орынды М.Әуезов атындағы орта мектебінен Мухаммед Асанов және Боран Темірбекұлы иеленді. Үздік үштікті А.Байтұрсынұлы атындағы мектеп гимназиядан Бағлан Әбдиганиев және Тамды ауылдық округінен келген Нұрзат Мұхтар түйіндеді.
Байқау соңында жеңімпаз бен жүлдегер­лер және барлық қатысушылар арнайы дипломдармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Талас ауданы
28.05.2024

Ұқсас жаңалықтар

28 мың орындық  мектеп салынады
Ш. МЕКЕНБАЙ, Шымкент қаласы - 04.09.2024 247
Жолдауға шынайы қолдау керек
Шолпан ҒАББАСОВА, Шығыс Қазақстан облысы Зайсан қаласы - 04.09.2024 319
Конституция күні аталып өтті
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 04.09.2024 272
Жаңа қонысқа ие болды
Ләззат ҚАЖЫМОВА, БҚО Орал қаласы - 04.09.2024 307

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 4134
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 3563
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 5781
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 4537
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 5722